100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ – АУДАНЫМЫЗДАҒЫ АЛМА БАҒЫН ҚАРҚЫНДЫ ӨСІРУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Кеше ауданымызға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова Шайқорық ауылындағы «Сады Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тоқтады. Ұжымның тыныс-тіршілігімен, даму барысымен танысып, «Шайқорық бауы» АӨК 50 гектарлық қарқынды алма бағы жобасының төлқұжатына, бақ телімінің экспликациясына үңілді. Онда жұмыс істейтінбағбандармен жүздесіп, жағдай сұрасты, серіктестік директоры Артық Нұрсейітовпен әңгімелесті.

    – Бүгінде біз агрошаралармен айналысып жатырмыз. Талдарды бұтап, тыңайтып, дәрілеудеміз. Өткен жылы 1000 тонна алма өнімін алып, республика аумағында сатылымға шығардық. Науқан кезінде бізде 150 адамға дейін жұмыс істейді. Аудан тұрғындары бізден алма, шие, алқоры көшеттерін, польшалық сертификатталған элиталық вируссыз көшет материалдарын және бақша техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып ала алады, – деді директор әңгіме барысында.

    Өз кезегінде халық қалаулысы еңбек адамдары айтқан ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, субсидия, агробизнес бағдарламасы, агрокредит несиесі бойынша қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды. Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар екенін, сол үшін де берілген мүмкіндікті барынша пайдалану керектігін айтты.

    Сапар соңында депутат алма бағын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлымен, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Белғалы Сергеевпен, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаевпен бірге аралады

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района