100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бейсенбі күні өңірімізге облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы келді.

    Іс басында – облыс әкімі Асқар Мырзахметов көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты Облыс басшысының сапары Тастөбе ауылындағы «Қызыл-Дихан» өндірістік кооперативінің тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Асқар Исабекұлы мұнда еңбек етіп жүрген шаруалармен жүздесіп, көктемгі дала жұмыстарының барысы жайлы сұрады. Нуритдин Бегманов басшылық ететін агроқұрылымда биылғы жылы 700 гектар жерге күздік бидай, 420 гектарға жаздық арпа егіліп, 100 гектар жерге қант қызылшасын егу жоспарланып отыр. 1998 жылы құрылған өндірістік кооперативтің негізгі бағыты – егін шаруашылығы.

    Бұдан соң облыс әкімі Айшабибі ауылындағы «Ақкөл» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан Асқар Исабекұлы биылғы жылдың өніміне арналған егіс көлемі жөнінде сұрады. Шаруа қожалығының басшысы Алтынбек Керімқұловтың дерегіне сүйенсек, биылғы жылы 110 гектар күздік бидай, 100 гектар жаздық арпа, 250 гектар мақсары, 60 гектар қант қызылшасын өсірмек. 2007 жылы құрылған шаруа қожалығында бүгінгі таңда 25 адам жұмыс жасайды.

    Сапар соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов ел экономикасының тірегі – ауыл шаруашылығы екенін тілге тиек етіп, өңір әлеуетін арттыруда осы салаға баса мән беру керектігін айтты.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района