100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    17 МАУСЫМ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРҒА – МАРАПАТ

    Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Ақ халатты абзал жандарды мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова:

    – Жылдағы дәстүр бойынша маусым айының үшінші жексенбісінде еліміздің медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күннің басқа кәсіби мерекелер қатарында алатын орны ерекше. Себебі, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер қаралған. Осы ретте көп жылын осындай игілікке арнап, таңдап алған кәсібінен айнымай келе жатқан медицина саласындағы білікті дәрігерлер Икбал Хайбуллаева, Лажар Аширова, Тұмаркүл Сұраншиева, Тұрсынбай Көпбаев, Жамал Төлепбергенова, Бейсенкүл Төленова, Дариға Жаманбаева, Жамал Бердиярова, Минира Құлымбаева, Намазбай Садықов, Гүлшахира Байкелдиева, Макира Абдуалиева, Сәуле Сұлтанова, Тәуіржан Мұсаев сынды азаматтардың еңбектері ерекше екенін айтқым келеді.

    Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін атап айтқан болатын.

    Алдымызда үлкен жоспарлар, межелі мақсаттар күтіп тұр. Аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету басты міндет болып қала береді.

    Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және кәсіби мәртебелеріңіздің өсе беруіне тілектеспіз, – деді.

    Кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен аудандық орталық аурухананың акушер-гинекологы Күләйхан Мейрбекова, Амангелді дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Асель Жолдасова, аудандық орталық емхананың статисі Жайнар Спатова, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің жетекші маманы Асқар Мутенов марапатталды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға және денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет Грамотасымен Айнур Укубаева; аудандық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен аудандық орталық аурухана ота бөлімінің мейірбикесі Оразкүл Айтуова, Жалпақтөбе ауылдық емханасының аға мейірбикесі Маржан Медетбаева, «Жасөркен» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Орынкүл Махмутова, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің жетекші маманы Шолпан Ибрагимова және аудандық орталық ауруханаға қарасты емхана құрылымдық бөлімшесінің дәрігер-терапевті Еркінбай Байназаров Алғыс хатпен; айрықша тәуекелді бөлімше мүгедектері мен ардагерлері және жауынгер-интернационалистері аймақтық қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасы және «Гиппократ» төсбелгісімен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухананың дәрігер-рентгенологы Еркін Сабитов және «Медицина қызметкерлеріне құрмет» төсбелгісімен аудандық емхана меңгерушісі Макира Абдуалиева; осы қоғамдық бірлестіктің Құрмет Грамотасымен Гродеково дәрігерлік амбулатория медбикелері Галина Терпелюк, Майра Избасарова, Назира Мухонова; Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Құрмет Грамотасымен аудандық орталық аурухана статисі Қуаныш Есбулаев, аудандық орталық емхананың невролог-дәрігері Нағима Пірмағанбетова, аудандық орталық емхананың мейірбикелері Халия Түлкібаева, Гүлжанкүл Сандыбаева, Алтынкүл Бекқожаева, аудандық орталық аурухананың техникалық қызметкері Бейбіткүл Асқанбаева, Айшабибі ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Сара Абдалиева, Ащыбұлақ (Пионер) ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Ләззат Кусаинова, Тоғызтарау ауылдық медициналық пунктінің фельдшері Сұлушаш Дунбаева марапатталды.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района