100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

     

     

    2018 жылдың 28 наурыз күні Тараз қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті форум өткізіу нәтижесінде «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны-эстафетасының кітапшасы Жамбыл ауданына салтанатты түрде табысталды.

    Осыған сәйкес, «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасы аясында ауқымды шараларының іс-жоспары бекітіліп 20 іс-шаралар жүргізілді.

    Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.  Баршамыз  қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы кедергілерді жою мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптасуына  ықпал етуіміз керек.

    2014 жылдың желтоқсан айында елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы қабылданды.

    Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

    Стратегияның негізгі бағыттарының бірі – Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтарды жұмылдыру үшін бүгінде құқық қорғау немесе мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам өкілдерінің маңызды рөл атқаратындығы белгілі.

    Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жағдайларын белгiлеп, бiлiктi мамандарды тарта отырып бағдарламалармен және стратегияларға қатысты қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, еліміздегі жемқорлық індетін жою, халықтың сенімін әділеттілікке арттыру және де аудан тұрғындарының сенiмін нығайту мақсатында бүгінгі күні «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасы тиісті тапсырмаларын ауданымызда ұйымдастыру нәтижесінде мемлекетіміздің дамуына үлкен жол ашады деген сенімдеміз.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района