100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының №2 хаттамалық ШЕШІМІ

    Аса ауылы                                                                         04 сәуір 2018 жыл

    сағат: 10.00

     

    Төрағалық еткен: Б.Қазанбасов- аудан әкімі, комиссия төрағасы.

    Қатысқан комиссия мүшелері: Қ.Қуатбеков, Т.Татенов, Н.Несіпбеков, Ж.Телеуов, С.Маханбетқұлов, Ж.Тоғанбаев.

    Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

     

    КҮН ТӘРТІБІ

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2018 жылдың 1 тоқсанында Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

     

    Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

     

    1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс

    бөлімшесінің басшысының міндетін атқарушысы Е.Калисаевтың хабарламасы назарға алынсын.

    1. Жамбыл ауданының Өрнек және Ерназар ауылдық округ әкімдерінің хабарламасы назарға алынсын.

    – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кезең-кезеңімен іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар;

    – Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу;

    –  орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына үнемі бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін;

    –  сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда семинар-кеңестер ұйымдастырсын;

    –  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жалғастырып, азаматтардың арыз-шағымдарын жан-жақты объективті қаралуын қамтамасыз етіп, жеке қабылдау жұмыстарын жандандырсын.

    1. Барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппаратына уақытылы ұсынсын.
    2. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуі тәртібі бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді жою үшін Заңға сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілсін;

    –  барлық әкімдік бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері, тиісті аумақтағы органдар мен мекемелерге (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген жұмыстар туралы тоқсандық мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына уақтылы ұсынсын.

    1. Барлық әкімдік бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және мекеме басшылары (келісім бойынша);

    –  құқық қорғау органдарымен (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдармен (келісім бойынша) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізсін;

    –   сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және тағы басқа іс-шаралар өткізуді жандандырсын, жоспарларында көрсетілген тармақтардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жүзеге асырсын;

    – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын;

    – жауапты қызметкерлерінің тиісті атқарылған жұмыстарын тоқсандық мәліметтерді уақытылы жолдамаған болмаса сапасыз болған үшін жауапкершілікке олардың тікелей басшылары тартылсын.

    1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ж. Телеуовке жүктелсін.

            Жамбыл ауданының әкімі,

            комиссия төрағасы                                                    Б. Қазанбасов

            Комиссия хатшысы                                                       Е. Калисаев

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района