100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының №1 хаттамалық ШЕШІМІ

    Аса ауылы                                                                             10.01.2018 жыл

     

    Төрағалық еткен: Б.Қазанбасов – аудан әкімі, комиссия төрағасы.

    Қатысқан комиссия мүшелері: Р.Бегалиев, Ғ.Бұхарбеков А.Асылбеков, Т.Татенов, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, А.Бекбосын, Н.Құлманова, Ж.Телеуов, Ж.Тоғанбаев, С.Махамбетқұлов.

    Шақырылғандар: аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары.

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2017 жылдағы Жамбыл ауданында орындалуы туралы.
    2. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

    _______________________________________________________

     

    Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс

    бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуовтың хабарламасы назарға    алынсын.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің «ветеринария бөлімі» және Жамбыл аудан әкімдігінің «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» хабарламасы назарға алынсын.
    2. Аудан әкімінің аппараты, барлық әкімдік бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):

    – аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы жасалған қылмыстардың өсу себебін талдау;

    – азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауларды тұрақты жүргізсін;

    – қызметкерлердің құқықтық білімі мен кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын оқытуға, түсіндіруге бағытталған жұмыстарды ұйымдастырсын;

    – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың, жоғарғы органдардан келген хаттамалық тапсырмалардың, Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының нәтижесін толық орындалуын қамтамасыз ету;

    – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заң талаптарын бұлжытпай сақтауды қатаң бақылауға алсын.

    – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін нақтылы пысықтап, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар өткізу ұйымдастырылсын.

    – сыбайластық көріністерге қарсы көзқарасты қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихаттық билбордтар орнату, плакаттар ілу жұмыстарын жалғастырсын, олардың тематикасының дұрыс жазылуын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен зерделей отырып жасасын;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялығын арттырып, соның ішінде сенім телефондарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды, интернет-ресурстағы ресми сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы бөлімнің дұрыс жұмыс істеуін, оның әрдайым материалдармен, атқарылған іс-шаралар жайлы ақпараттандырумен толықтырылып жаңартылып отыруын  жандандырсын.

    1. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясы:

    – тіркелген заң бұзушылық фактілерге алдағы уақытта қайталап жол берілмеуіне қосымша шаралар қабылдасын;

    – сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбы бойынша  қоғамдық ұйым өкілдерін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мекеме, ұйымдарда дәрістер оқып, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын;

    1. Барлық әкімдік бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпараттарды аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесіне уақтылы ұсынсын және осы хаттамалық шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.
    2. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
    3. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Бекбосынға жүктелсін.

    Комиссия төрағасы                                                           Б. Қазанбасов

    Комиссия хатшысы                                                          Е. Қалисаев

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района