100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    А Н Ы Қ Т А М А 2016 жылдың 12 айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыс туралы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін іске асыру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес және осы саладағы бағдарламаның ауданда орындалуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

    2016 жылдың 12 айында – 4 аудандық комиссия отырысы өткізілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу бойынша жүргізіп отырған жұмыстары мен комиссияның хаттамалық шешімінің жылдық жоспары бекітіліп, аудан әкімі ресми сайтында жарияланды.

    Жамбыл аудан әкімінде, 12 ай мерзімінде аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысында жалпы саны -129 азамат, ауылдық округтерге шығу кезінде – 37 азамат жеке қабылдауда болды. Олардың барлығына да заң шеңберінде түсініктемелер мен жауаптар берілді.

    «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіру бойынша әкімдік бөлімдермен  және  ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Стратегиядағы  көзделген  тақырыбы  бойынша  талқыланды. Соның ішінде, қызметтің түрлі салаларында алдағы уақытта бірқатар басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау керектігі, сондай-ақ квазимемлекеттік және жекеше сектор субъектілерінің азаматтарға қызметтер көрсеткен кезде ашықтықты қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыстары жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, мекемелерімен бекітілген жоспарға сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар жүргізіп.

    Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер жинағымен қамтамасыз ету, яғни заң бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, ақпараттық «Заң» нормативтік актілер базасына қосылу мәселесіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруы және Заң нормативтік актілер базасына жанарту жұмыстары турақты жүргізіліп турады.

    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексі» нормаларын бұзу фактілері мен сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда азаматтардың хабарлауы үшін  мемлекеттік органдардың, мекемелердің «сенім телефондары» туралы ақпарат газет беттерінде тұрақты жарияланып, арыз-шағымдарға арналған арнайы жәшіктер оңтайлы жерде қойылған. (бүгінгі күнге сенім телефондарына, қойылған жәшіктерге арыз-шағымдар түскен жоқ).

    Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау тұрақты уақытысымен қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялылығын арттырып соның ішінде сенім телефондары буқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және аудандық бөлімдерде ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі бір қатар жұмыстар жүргізілген.

    Атап айтсақ 2016 жылы мерзімінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының 1 сюжет көрсетілді, 6 (алты) акция өткізілді, 9 (тоғыз) дәрістер оқу, 13 (он үш) дөңгелек үстелдер отырысы, 6 (алты) семинар, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық мониторингі мен тәуекелдеріне ішкі талдау қабылданған іс-шаралары бойынша 54 (елу төрт) жиналыс өткізілді.

    Жамбыл ауданында Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға, оларды тудыратын себептер мен шарттарды жоюға ерекше назар аударылған.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу, заң бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті атқарушы органның жұмысында ашықтық пен жариялылықты орындалуы қамтамасыз етіп, салалық бағытына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына жемқорлықпен күрес тақырыбында тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру бойынша «Шұғыла-Радуга» газетінде 43 (қырық үш) мақалалар жарияланды.

    Жамбыл ауданының ауылдық округтерінде 12 ай мерзімінде (Аса, Көлқайнар, Қаратөбе, Қарой, Бесағаш) «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында 3х6 метр көлеміндегі 5(бес) билборд орнатылды.

    «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциялар мен шаралар ұйымдастыру мақсатында жыл сайын «Өзіңнен баста» атты акциясы жергілікті атқарушы орган басшыларының «Табысыңыз қанша, басшы азамат деген» тақырыбында сауалнама жүргізіп, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетіне тақырыпқа қатысты мәліметтер жарияланған.

    Кадрларды қызметке тағайындауда, әсіресе басшылық лауазымдарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелетінін, олардың барлығына заң бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру бағытында әңгімелесу өткізіп, ескертеміз.

    2016 жылы 12 айы мерзімінде Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлықпен байланысты 1 қылмыс тіркелген (ІІБ-нің участкелік инспекторы М.Бурлибаев). Ағымдағы жылдың 12 айында аудан прокуратурасымен, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігі 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қаратау аймағы бойынша СЖҚІҚ Ұлттық бюросы басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

             Сонымен қатар, Жамбыл ауданының ІІБ-нің жергілікті полиция қызметкрелері Ф.Зиядинов, Е.Сансызбаев және Б.Байдешовтар жеке тұлғаларға құқыққа сыйысыз қолдау көрсету, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары болып танылатын іс әректеттер жасағаны үшін, тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

    Дегенмен, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін және құқықтық білімін арттырумен байланысты семинар-кеңестер ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапкершіліктерін арттырып, оны орындамаған үшін қатаң жауаптылық белгілеу және т.б. іс-шаралар жандандыруды қамтамасыз ету қажет.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығына сәйкес «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен» (бұдан әрі-қағидалар) айқындалған тәртіпте мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, олардың нәтижелерін және оларды жою үшін бұйрыққа сәйкес ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

    Соның ішінде бұл тұрғыда тоқсан сайын аудандық сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жөніндегі комиссия отырыстарында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар талқыланып, тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар беріліп отырады және комиссия арасындағы мемлекеттік органдарымен пысықталған іс-шара жоспары бойынша жаңа ұсыныстар енгізу бойынша талқылау жүргізуде.

    Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібі бойынша, аудан аумағында әр тоқсан сайын мемлекеттік органдар мен ұйымдар, арасында квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді жою үшін бұйрыққа сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    Еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мәліметтерге мұқтаж азаматтарды есепке алу мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды аудан әкімдігінің және ауылдық округтердегі өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімінің кезегінде тұрған азаматтардың тізімін зерделеу жұмысы жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй берілген азаматтардың тізімдерін зерделеп, еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, 70-пәтерлік коммуналдық тұрғын үйге азаматтардың тіркелген тізімі бойынша зерделеу жұмыстары атқарылды.

    Салалық бағдарлама жоспарының іс-шараларында көрсетілгендей халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған өз пікірлерімен ұсыныстарға жеке көз қарастарын бөлісуге және осы тақырыпта алдын-алу жұмыстарын жүргізу оңтайландырылған.

    Дегенмен, бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және басқа да Заң нормаларын түсіндіру жұмыстары қызметкерлер арасында жыл сайын  жүргізіліп отырады.

    Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қабылданған іс-шаралары бойынша алдағы уақытта іске асыру жөнінде мемлекеттік органдарымен пысықталған жұмыстары артқарылуда.

    Ауданда «Жемқорлықтың алдын алу басты міндет тақырыбында» ҚР қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандармен кездесу өткізіліп, жастарға насихаттық жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясының және аудандық мәслихат аппаратының басшысы баяндама оқып, жастардың түрлі сауалдарына жауап берді.  Іс-шараға жалпы саны 40 жас қамтылды.

    Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе және Гродикова ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың міндеті!» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Іс-шара барысында жастарды сыбайлас жемқорлық туралы заңмен таныстырды. Іс-шараға жалпы саны 30 жас қатысты.

    Сонымен қатар 2016 жылдың Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында ішкі қадағалау жұмыстары жүргізілді. Жастар орталығының қызметкерлері (жалпы саны 25 адам) қатысып, насихаттық жұмыстарға қатысты туындаған мәселелерімен бөлісті.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, заңды мүдделерін заң талаптарына сай бұлжытпай орындау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізілуін тереңірек пысықтап, дұрыс шешім қабылдау мақсатында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.

    Әрбір мекеме мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайуына жол бермей, кемшіліктер орын алған жағдайда оны жою жолдарын қарастыру, сол сияқты, комиссияның хаттамасымен тапсырылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмыстарын жандандыру мақсатында, мемлекеттік мекемелерге әрбір комиссия отырысының хаттамаларымен тапсырмалар беріліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын – алуда тұрақты түрде шаралар қабылданып, талдаулар жүргізілді.

    Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жағдайларын белгiлеп, бiлiктi мамандарды тарта отырып  бағдарламалармен және стратегияларға қатысты қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, еліміздегі жемқорлық індетін жою, халықтың сенімін әділеттілікке арттыру және де аудан тұрғындарының сенiмін нығайту мақсатында бүгінгі күні тиісті тапсырмалар ауданымызда ұйымдастырылып отырғанын хабарлайды.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района