100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    2017 жылдың 3 айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыс туралы анықтамасы

    Қазіргі таңда, 2017 жылдың 3 айында – 1 аудандық комиссия отырысы өткізілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу бойынша жүргізіп отырған жұмыстары мен комиссияның хаттамалық шешімінің жылдық жоспары бекітіліп, аудан әкімі ресми сайтында жарияланды.

    Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау тұрақты уақытысымен қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралардың жариялылығын арттырып соның ішінде сенім телефондары буқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және аудандық бөлімдерде ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

    Жамбыл аудан әкімінде, 3 айы мерзімінде аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысында жалпы саны -23 азамат, ауылдық округтерге шығу кезінде – 9 азамат жеке қабылдауда болды. Олардың барлығына да заң шеңберінде түсініктемелер мен жауаптар берілді.

    Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралардың, жоғарғы органдардан келген хаттамалық тапсырмалардың, Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етуіне түсіндіру бойынша әкімдік бөлімдермен және ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Стратегиядағы  көзделген  тақырыбы  бойынша  талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жағдайларын белгiлеп, бiлiктi мамандарды тарта отырып бағдарламалармен және стратегияларға қатысты қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, мекеме, ұйымдарда ұйымдастырылуда.

    Есепті мерзімде аудандық ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, аудан көлеміндегі құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар зерделенген және тиісті мемлекеттік мекемелерге, аудандық ІІБ-не (келісім бойынша), ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша әкімдік бөлімдермен және ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлерімен кездесу өткізіп, стратегиядағы көзделген тақырыбы бойынша талқыланды. Әр мекеме басшылары өзгеше қызмет көрсету барысында жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және орын алған кемшіліктерге жол бермеу үшін іс-шаралар қабылданып, тұрақты түрде жұмыстар жүргізілді.

    Қазіргі таңда Жамбыл ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу жұмысы жүргізілуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жиналыстар өткізілуде.

    Атап айтсақ 2017 жылы 3-айы мерзімінде 1 (бір) акция өткізілді, 1(бір) брифинг өткізілді, 12 (он екі) дөңгелек үстелдер өткізілді, 2 (екі) семинар, 1 (бір) отырыс өткізілді, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі талдау іс-шаралары 8 (сегіз) жиналыс өткізілген.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу, заң бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті атқарушы органның жұмысында ашықтық пен жариялылықты орындалуы қамтамасыз етіп, бұқаралық ақпарат құралдарына жемқорлықпен күресу тақырыбында «Шұғыла-Радуга» газетінде 2017 жылы 3-айы мерзімінде 9 (тоғыз) мақалалар жариялап тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

    Жамбыл ауданының аймағында 2017 жылы 3-айы мерзімінде (Аса, Айшабибі, Тоғызтарау) ауылдық округтерінде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында 3 (үш) билборд  орнатылды.

    Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін нақтылы пысықтап, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында білікті мамандарды тартып жиналыс жүргізілген.

    Білім мекемелерінде заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін талдау жүргізіліп, қолданыстағы мемлекеттік қызметкерлердің арасында білікті мамандарды тарта отырып, дәрістер оқу, дөңгелек үстелдер, жиналыс өткізіліп аппараттық оқулар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар заң нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлердің өз жұмыстарында қажетті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер жинағымен қамтамасыз ету, яғни заң бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, ақпараттық «Заң» нормативтік актілер базасына қосылу мәселесіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруы жүргізіліп жатыр.

    Шекара маңындағы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативті кеңестің 2017 жылға жасаған іс-шаралар жоспарының негізінде, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмыстар жүргізілуде.

    Төмендегі салаларда  ХҚКО ұсынатын қызметтер арқылы «Бір терезе» принципін жүзеге асыру туралы мәселені қарастыру:

    – мемлекеттік қордан тұрғын үй беру және тұрғын үй кезегіне тұру кезінде;

    – жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер пайдалану құқығын беру кезінде;

    – мектепке дейінгі балалар мекемесіне оқуға жолдама беру кезінде;

    Бағдарлама жоспарының іс-шараларында көрсетілгендей халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған өз пікірлерімен ұсыныстарға жеке көз қарастарын бөлісуге және осы тақырыпта алдын-алу жұмыстарын жүргізу оңтайландырылған.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, заңды мүдделерін заң талаптарына сай бұлжытпай орындау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін заңнамада көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізілуін тереңірек пысықтап, дұрыс шешім қабылдау мақсатында дөңгелек үстелдер, семинарлар әліде жүргізілуде.

    Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебінде 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін тұрған адамдардың тізімін және әр ауылдық округтегі жер телімінде кезегінде тұрған азаматтардың тізімін туралы хабарлама жыл сайын бұқаралық ақпарат арқылы жарияланып турады.

    Сондықтан, Жамбыл ауданы әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына сәйкес, бағдарлама аясында ақпараттық жадынамалар мен плакаттарды (А2, форматында) әкімдік ғимаратының халыққа көрінетін орнына орналастырды.

     

    Жамбыл ауданы әкімінің

    аппараты мемлекеттік-құқықтық

    жұмыс бөлімшесі           

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района