100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты жергілікті қауымдастық мен ауыл тұрғындарының жалпы жиналысының ХАТТАМАСЫ

      

    Шайқорық ауылы                                                             26.04.2018 жыл.

                                                                                                        Сағ. 16.00

     

             Төрағалық еткен: Жамбыл ауылдық округ әкімі – Б. Садырбаев

             Хатшылық жүргізген: Жамбыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман салық агенті Ш. Қарашолақов

             Қатысқандар:

    1. Ауылдық округ тұрғындары – 200 адам (тізім тіркеледі)
    2. Жамбыл ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері – 10 адам                                                                   1. Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық, Шайқорық стансасындағы, Қапал, Бесжылдық ауылындағы көшелерді қайта атау және облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №8 ұйғарымымен расталған Шайқорық ауылындағы Бәйтерек, Желтоқсан, Ыбырайым Сүлейменов, Климент Тимирязев, Абай көшелерінің, Танта ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Қапал ауылындағы Тұрар Рысқұлов көшелерінің транскрипциясын нақтылау туралы

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округ әкімі Б.Садырбаев өз ұсынысын ортаға салды.

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Бұл дәуір мемлеккеттердің халықтар мен ұлттардың алдына жаңа мүмкіндіктер ашып қана қойған жоқ, жаңа сынақтар мен жаңа талаптарын алып келіп отыр.

    Бұл таңдау жолы – өзінің ұлттық, мәдени-рухани бет-бейнеңді, салт-дәстүріңді жоғалтпай , тілің мен діліңді, дініңді, сақтай отырып, жаһанданудың сара жолына түсу.

    Сонымен қоса, өзгерістерге, жаңғыртуларға әрдайым ашық болу, жаңа технологияларды, жаңашылдықты жатсынбау.

    Ауыл және ондағы көше атауларына тарихи атау беру қоғамда рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге совет одағы кезеңіндегі атаулар қойылған. Еліміз тәуелсіздік алғанына 26 жылдан асты. Сонымен қатар, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңғыру атауды бұрыңғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден тыс қарамауға тиіс. Керісінше заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді жаңғыруды айналдыра білу қажет.

    Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына басшылыққа ала тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгертуге болатындығын түсіндірді.

    Рсбаев Орынбай – ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    Біздің округте шындығында кеңес дәуірі кезеңіндегі атаулар сақталған. Мағыналары орысша және бүгінгі тәуелсіз еліміздің саясатына және ұлттық танымымызға сәйкес келмейді.

    Сондықтан да, тарихи әлеуметтің жағдайларды ескере, географикалық   обьектілердің  атауларын және жер су атауларын пайдалана отырып, округке қарасты Шайқорық ауылындағы Абай бұрылысын – Балдырған көшесі, Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі көшесі, Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ көшесі, Сапарбай Байжиенов бұрылысын – Шалқар көшесі, Кольцевая көшесін – Қазына көшесі, Қырман көшесін – Ақбидай деп, Шайқорық стансасындағы Полевая көшесін – Алатау көшесі, Линейная көшесін – Береке көшесі, Деповская көшесін – Аққайнар көшесі, Деповская бұрылысын – Ақжол көшесі деп, Қапал ауылындағы Уәлихан Қайназаров бұрылысын             –  Ата мұра көшесі, Ю. Гагарин көшесін – Игілік деп, Бесжылдық ауылындағы атауы жоқ Жаңа көшесін – Жерұйық деп қайта атау бойынша ұсыныс береміз.

             Леспаев Серік – ауыл тұрғыны зейнеткер

             Мен де осы ауылдың тұрғынымын. Көшелерді ауыстырғанға толық келісемін. Мұндағы мақсат – әр елді мекен, көшелердің атынан ұлттық болмыстың, ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұруы керек. Жаңа атау жас ұрпақ санасында елдік патриотизмді қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Сол себептен көшеге атау берілгенде осыған баса назар аударылу керек деп ойлаймын.

             Нұрманова Рыскул – ауылдық округ әйелдер кеңесінің төрағасы

    Жеріміздің, өлкеміздің тарихынан жас ұрпақты тыс қалдырмау мақсатында тәуелсіздігімізді айқындап тұратын, жасампаздық пен жаңашылдықты паш ететін, атаулар қойылуы қажет деп ойлаймын.

    Осы ұсынысты мақұлдап оң шешімін табуын қолдаймын.

    Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарының пікірталас барысында көше атауларының қайта аталуын мақұлдап, дауысқа салды.

    Қарсы-1 адам

    Қалыс-жоқ

    Дауысқа салу арқылы жиналысқа қатысқан 199 адам көше атауларын қайта атауды 99% қолдады.

    Сонымен қатар, жиналыс барысында облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі № 8 ұйғарымымен расталған Шайқорық ауылындағы Бәйтерек, Желтоқсан, Ыбырайым Сүлейменов, Климент Тимирязев, Абай көшелерінің, Танта ауылындағы Қайрат  Рысқұлбеков, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Қапал ауылындағы Тұрар Рысқұлов көшелерінің транскрипциясын нақтылауды жиналысқа қатысушылар мақұлдады.

    Жамбыл ауылдық округіне қарасты

    жергілікті қауымдастық пен ауыл тұрғындары жиналысының төрағасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.

    1. Жамбыл ауылдық оругіне қарасты Шайқорық ауылындағы Абай бұрылысын – Балдырған көшесі, Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі көшесі, Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ көшесі, Сапарбай Байжиенов бұрылысын – Шалқар көшесі, Кольцевая көшесін – Қазына көшесі, Қырман көшесін – Ақбидай деп, Шайқорық стансасындағы Полевая көшесін – Алатау көшесі, Линейная көшесін – Береке көшесі, Деповская көшесін – Аққайнар көшесі, Деповская бұрылысын – Ақжол көшесі деп, Қапал ауылындағы Уәлихан Қайназаров бұрылысын – Ата мұра көшесі, Ю. Гагарин көшесін – Игілік деп, Бесжылдық ауылындағы атауы жоқ Жаңа көшесін – Жерұйық деп қайта аталсын.
    2. Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі № 8 ұйғарымымен расталған Шайқорық ауылындағы Бәйтерек, Желтоқсан, Ыбырайым Сүлейменов, Климент Тимирязев, Абай көшелерінің, Танта ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Қапал ауылындағы Тұрар Рысқұлов көшелерінің транскрипциясын нақтылансын.
    3. Осы қаулы аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органы арқылы аудандық өкілді және атқарушы огандарға ұсыныс енгізіліп, облыстық және өкілді органдардан оң шешімін сұрау үшін облыстық ономастика комиссиясына мақұлдануға ұсынылсын.

    Қаулы бірауыздан мақұлданды.

             Жиналыс төрағасы                                                  Б.Садырбаев

             Хаттамалық жүргізген                                            Ш.Қарашолақов                

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района