100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Жамбыл аудан әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі

    № 468 қаулысымен бекітілген

     

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

     

    1. Жалпы ережелер

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – әкім қызметін акпараттық- талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық- техникалық қамтамысз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомостволары жоқ
    3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080218, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылы, 40 лет победы көшесі, №10 үй.
    10. Мемлекеттік органның толық атауы: « Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады..
    12. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
    13. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен « Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

    Егер «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттін кірісіне жіберіледі.

     

    1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы- әкімінің қызметін ақпараттық- талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамсыз етілуін жүзеге асыру.
    2. Функциялары:

    1)           Округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген функцияларды жүзеге асырады;

    2)           азаматардың өтініштерін, араздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

    3)           салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

    4)           өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

    5)           шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

    6)           өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасынның орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

    7)           тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    8)           жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

    9)           жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

    10) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

    11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    12) жергілікті қоғамдастықтың жиналасында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

    13) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

    14) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады.

    1. Міндеттері:

    1) ауылдық округі әкімінің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.

    2) тиісті әкімшілік- аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді:

    3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттаың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

    4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

    5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі;

    6) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жанартылуын, жөнделуің және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

    7) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көосету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызізілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

    8) қылмыстық-атқару инспекциясы провация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетеді:

    9) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

    10) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

    11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

    12) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

    13) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

    14) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    15) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

    16) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

    17) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

    18) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

    19) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде  аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

    20) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

    21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

    22) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.

    23) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сойндай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

    24) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға ( жалдауға) береді;

    25) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

    26) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

    27) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

    28) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

    29) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердың ) бағаларын белгілейді;

    30) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

    31) кіріс көздерін қалыптастырады;

    32) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

    33) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

    34) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    құқықтары:

    1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқада мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық- талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;

    2) өз құзырының шегінде жеогілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқада мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;

    3) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

    4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзгеде құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    міндеттері:

    1) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпараттар беруге;

    2) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

    3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға.

     

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады және қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтады.

    20) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары бар .

    21) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшің дербес жауап береді;

    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарса шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;

    3) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;

    4) ауылдық округ әкімі аппаратының атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

    5) барлық органдарда ауылдық округ әкімі аппаратының мүддесін қоргайды;

    6) ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

    7) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, оларл бойынша қажетті шаралар қабылдау;

    8) еңбек шарты бойынша және мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмысқа тағайындайды, босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады, марапаттау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу, іс-сапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;

    9) өкімдер мен шешімдер қабылдайды, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қою;

    10) банкіде есеп шоттар ашады, мәмілелер жасайды;

    11) ауылдық округ әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;

    12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі;

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Жамбыл ауылдық округінің әкімі басқарады.

     

    1. Мемлекеттік органның мүлкі

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесін»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

     

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

     

    1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района