100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Жамбыл ауданы әкімдігінің
    2017 жылғы 22 қыркүйектегі
    №445 қаулысымен бекітілген

    1. Жалпы ережелер
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің

    аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгертуіне байланысты, Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі «Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қыркүйектегі «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың және ауылдық округтер әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы  №431 қаулысын қайта тіркеу» №445 қаулысы.                                                                                                                                                                                             

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – әкім қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    5. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі: 080210, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы, Б.Сабаев көшесі, №13 үй.
    8. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    9. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    10. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
    11. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

     

    1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.

    16.Функциялары:

    1) Округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген функцияларды жүзеге асырады;

    2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

    3) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

    4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

    5) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

    5-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

    6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

    7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

    8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

    9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

    10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

    11) ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

    11-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

    11-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

    12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

    13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    13-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

    13-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

    13-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

    13-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

    13-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

    13-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

    13-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    13-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

    13-9) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

    14) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

    15) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

    15-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

    16) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

    17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

    18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

    19) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

    20) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

    21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    22) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

    23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

    24) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

    25) көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

    26) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

    27) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

    28) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

    29) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

    30) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

    31) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

    32) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

    33) кіріс көздерін қалыптастырады;

    34) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

    35) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

    36) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

    37) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

    38) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

    39) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

    40) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

    41) ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін;

    42) ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi;

    43) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;

    44) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;

    45) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады және қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
    3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
    4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;

    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;

    3) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;

    4) ауылдық округ әкімі аппаратының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

    5) барлық органдарда  ауылдық округ әкімі аппаратының мүддесін қорғайды;

    6) ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

    7) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

    8) еңбек шарты бойынша және мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмысқа тағайындайды, босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады, марапаттау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу, іссапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;

    9) өкімдер мен шешімдер қабылдайды, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қою;

    10) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;

    11) ауылдық округ әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;

    12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі;

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қаракемер ауылдық округінің әкімі басқарады.

     

    1. Мемлекеттік органның мүлкі

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру   жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

     

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района