100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                                                                        Жамбыл ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                          2015 жылғы 27 қаңтардағы

                                                                                                                                        №15 қаулысымен бекітілген

     

    1. Жалпы ережелер

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ:
    3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Призиденті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен жане Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9.    Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080200, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Аса ауылы, Абай көшесі №23 уй.
    10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    12. . «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
    13. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен  «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер . «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерінен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

     

    1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

    функциялары, құқықтары мен міндеттері

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    Эпизоотиялық қолайлы жағдайды және ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    1. Міндеттері:

    1)  халықтың денсаулығы адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

    2)  жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

    3)  ветеринариялық – санитариялық қауыпсіздікті қамтамасыз ету;

    4)  жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

    1. Функциялары:

    1)  облыстық жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғабас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

    2)  қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

    3)  ветеринариялық (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

    4)  мүдделі тұлғаларға өткізіп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    5)  ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

    6)  жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

    7)  жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауып төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру және қайта өңдеу;

    8)  жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауып төдіретін алып қоймай  залалсыздандырылған және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

    9)  ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық – санириялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинды неме шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

    10)  ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейын тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинды неме шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

    11)  мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

    12)  тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    13)  эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

    14)  эпизоотологиялық зерттеп – қарау актісін беру;

    15)  Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды және қадағалауды;

    ішкі сауда объектілерінде;

    жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық преператтарды, жемшөп пен жем шөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспорт байланыстыларды қоспағанда);

    ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

    экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

    экспортты (импортын) және транзитін қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-тыю материалдардың барлық түрлері бойынша;

    тасымалдау (орын алмастыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

    экспортты (импортын) және транзитін қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өндейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

    16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп – ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

    17)  жеке және заңды тұлғалаға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

    18)  тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

    19)  уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материял сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

    20)  ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

    21)    ауыл шаруашылығы жануарлардың жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

    22)   ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

    23)   облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес  аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

    24)  облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебіне жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

    25)  ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

    26)    облыстың жергілікті атқарушы органына  тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктітің аумағында ветеринариялық-санитарилық қауыпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

    27)  ауру жанурларды санитариялық союды уйымдастыру;

    28)  жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

    1.    Құқықтары мен міндеттері:

    1)  өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

    2)  ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату немесе қайтарып алуға бастамашы болуга;

    3)  белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;

    4)  аудан әкімдігіне жануалардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимінің белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;

    5) аудан әкімдігіне жануалардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығару;

    6)  жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;

    7)   тиісті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.

     

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    2.  «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
    4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) өзінің орынбасарының және мекеменің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

    2)    заңдарға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    3)    заңда белгіленген  тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

    4)   мекеменің актілеріне қол қояды;

    5)  мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;

    6)  қолданыстағы заңдармен және осы Ережемен белгіленген шектерде мекеменің мүлкіне өкімдік етеді;

    7)   шарттар жасасады және сенім хаттар береді;

    8)  банкілік есеп-шоттарын ашады, өзге де мәліметтер жасасады;

    9)  заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. Бірінші басшы өз қызметкерлеріне өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
    2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

     

    1. Мемлекеттік органның мүлкі

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамадан өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

     

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    2.     «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

     

    1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    .

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района