100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖОБА ҚАТЫСУШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына енген «100 жаңа есім» жобасы тәуелсіз Қазақстанға танылуға, ел дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды елмен таныстыруға жол ашты. Жоба өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тапты.
    Өткен жылдың 7 маусымынан бастап 15 қыркүйекке дейін еліміздің түкпір-түкпірінен жобаға қатысушылардан өтініштер қабылданды. Жалпыұлттық онлайн дауыс беру арқылы 102 жаңа есім айқындалды. Жеңімпаздарды халықтың өзі таңдады. Былтырғы жылдың 1 желтоқсанында Елбасы жобаның 102 жеңімпазымен кездесті. Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлерге, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер мен ғалымдарға, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтарға құрмет көрсетті.
    Жалпы, тізімге енгізілген жамбылдық 8 есімнің арқасында облысымыз республика көлемінде жоба жеңімпаздарының саны жағынан 3-орынды иеленді. «100 жаңа есім» жобасының жамбылдық жеңімпаздары қоғам белсендісі Сембек Сейдазимов, дирижер әрі музыкант Ерлан Бақтыгерей, меценат Марат Саршаев, кәсіпкер Әбдібек Пошкаев, полиция сержанты Ғалым Арыстанбаев, спортшыларымыз Ақжүрек Таңатаров, Зульфия Ғабидуллина, Бауыржан Исламхан.
    Бейсенбіде аудандық орталық кітапханада «100 жаңа есім» – бұл заманауи Қазақстанның келбеті» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуге «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Разақова, аудандық орталық кітапхананың директоры Аида Қалисаева, аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» ауылдық округтердегі кеңесшілері, оқушылар қатысты.
    Басқосуда қатысушылар «100 жаңа есім» жобасының тарихымен етене танысты. Ауданымыздан жобаға қатысқан Айгүл Разақова туралы бейнебаянды тамашалап, оған сауалдарын қойып, мардымды жауаптарға қанықты. Айгүл Әшімқызының салт-дәстүр, сана, тағылым, тәрбие, парасат, пайым, қоғамдық өмір туралы ойын біліп, өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. «100 жаңа есімнің» қатарынан табылған» атты кітап көрмесіне үңілді.
    Кездесу кешін аудандық орталық кітапхананың директоры Аида Қалисаева қорытындылады.
    Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ,
    «Шұғыла».

     

    ·          

    ·          

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района