100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2018 (18.04.18ж)

    Ерлан ерледі, өзгелер өжеттік танытты
    Жастардың ой өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді сақтай білу жолында аудан әкімдігінің білім бөлімі ұзақ жылдан бері сегіз қырлы, бір сырлы жігітті анықтау үшін «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізіп келеді.
    Биыл да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сол үрдіс жалғасын тауып, ауданымыздың бас ұстазы Раушан Қожамжарованың қолдауымен білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова ұйымдастырған байқау Б.Кейкиев атындағы орта мектепте өтті.
    Әр мектептен «Мен сұлтан болуға лайықтымын» деп келген «сен тұр, мен айтайын» деген 19 жігіт сап түзеп тұрғанда «Міне, қазақтың хас батырлары, міне, қазақтың сұлтандары» дегенбіз. Осы ойымызды оқып қойған кеш жүргізушісі Батима Сембекова:
    – Өмірдің өзі адамды тірестірген,
    Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
    Айнала отырып ап иісі қазақ,
    Азаматын өзара күрестірген, – дегенде осы жігіттердің өзара күресетінін түсінген залдағы жұртшылық тына қалған.
    «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» десек, жарыс жолына шыққан жігіттер алдымен бұқа тартыста (арқан тартыс) кім күшті екенін байқатса, екінші бөлімде нысана көздеуден сынға түсті. Асық ату бөлімінде де ұлттық ойындарымыз ұмытылмағанын ұғындық. «Таныстыру» кезеңінде ешкім жаңылыспады. «Өнерім – өмірім» бөлімінде бірі ән айтып, би билесе, бірі күй күмбірлетті. Жігіттердің қолөнерге де, спортқа да бейім екенін байқадық.
    «Бес саусақ бірдей емес» екеніне осы байқауда көзіміздің жеткені сол, олқы тұстар да, мүдірген сәттер де болды.
    Қазылық еткен аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова (төрайым), «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры Жаннұр Дүйсенова, М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің домбыра маманы Жамантай Байоразов, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Марат Исақовтың ұйғарымымен бас жүлдеге Төле би атындағы орта мектептің оғланы Ерлан Бердібеков лайық деп танылып, «Жігіт сұлтаны» атанды.
    Бірінші орыннан А.Матросов негізгі мектебінің үміткері Самат Жұман көрінді. Екі екінші орынды Б.Кейкиев атындағы орта мектептің оқушысы Еркін Бектияр мен таразилық талант иесі Жангелді Амангелді иеленді. Үш үшінші орынды Абай атындағы орта мектептен Дәулет Дадабаев, Чкалов атындағы орта мектептен Абылай Ескермес, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің талапкері Дамир Әбілдә өзара бөлісті.
    «Жігітте де жігіт бар» десек, есімі аталғандардың да, аталмағандарының да өнерін жоғары бағалауға болар. Өйткені, киелі сахнадан көрініп, ел алдына шығудың өзі бір ерлік.
    Дүйсенбек ОРМАНОВ,
    «Шұғыла».
    #РуханижаңғыруЖамбылауданы
    #ЖамбылскаяобластьЖамбылскийрайон
    #РуханижаңғыруЖамбылоблысы
    #РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
    #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть #Болашаққабағдарруханижаңғыру
    #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
    #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
    #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть #язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
    #туғанжер
    #tuganjer
    #100жаңаесім
    #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
    #СакральныеместаКазахстана
    #100жаңаесім
    #100новыхлиц
    #100жаңаоқулық
    #100новыхкниг

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района