100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

    Сейсенбі күні Ю.Гагарин атындағы орта мектепте «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбымен өткен жалпы ата-аналар жиналысы мектеп психологы Г.Кушенованың «Отбасым – асыл тірегім» атты ата-аналармен жүргізген тренингінен басталды. Отбасы бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы екенін баршамыз білеміз. Сондықтан жүрекке жеткен бұл тренинг баланың сағы сынбас үшін оған қандай қадамдар жасатып, талабын бағалап отыруды мақсат еткен болатын.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген жиынды мектеп директоры С.Жігітекова ашып, жүргізді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Несіпбеков, аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Ә.Омарова, Ауған соғысының ардагері, ата-аналар комитетінің төрағасы Д.Нұралиев қатысқан басқосуда директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Қарагулова оқу жылында ұстаздар мен мектеп оқушыларының жеткен жетістіктерін баяндады. Пәнаралық олимпиадалар мен электрондық тесттерден жинақтаған балдарының нәтижелерін, білім деңгейінің сапасы туралы нақты мәліметтер берді. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Әжібаев оқушыларды патриоттық, адамгершілік қасиеттерге баулудың өзектілігі мен жыл бойы атқарылған іс-шараларды және қамқоршылық кеңесінің қызметі туралы жан-жақты баяндаса, информатика пәнінің мұғалімі А.Ойықбаев оқу процесін цифрландыру бойынша түсіндіріп өтті. Бұдан кейін сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Оразалиева 11-сынып оқушыларын қорытынды аттес­таттау және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқандығын мәлімдеді.
    Жеткіншектер құқық бұзушылыққа бой алдырмас үшін күнделікті қадағалап отыруды, түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрмеуі керектігін, шомылуға тек белгіленген орындарға баруын (үлкендердің рұқсатымен) ескерткен АІІБ жергілікті полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Темірхан Бейсекеев пен директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары А.Саурыков КР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде заң тұрғысында кеңінен баяндады. Сөз жалғаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл аудандық бөлімшесінің «Діни экстремизм және халықаралық терроризмге қарсы күрес» бөлімінің жедел уәкілі Қанат Шалданбаев бүгінде жекелеген жасөспірімдердің теріс ағымның құрбандарына айналғанын, оған себеп түрлі жат ағымды насихаттайтын сайттарға білместікпен кіріп, уланып жатқандар бар екенін жеткізді. Бұған қоса бөтен кісілермен телефон арқылы сөйлесіп, кездеспеу қажеттігін, баланың діни сауаттылығын қадағалап, дұрыс жол сілтеу керектігін түсіндірді. Өз кезегінде ұстаздар да ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керектігін қысқаметражды кинофильмдер арқылы ұсынды.
    Мәпелеп өсірген баланың ел қатарлы білім алып шығуы алдымен ата-анаға мерей, ал аттестат алған албырт жастың алдында сыры мен сыны көп үлкен өмір тұр. Сондықтан да бала білімі мен тәрбиесіне аса мән берген жөн. Жиынға келгендер осылай деп ой түйді.
    Мақсат ЖҰМАБАЕВ,
    «Шұғыла».
    #РуханижаңғыруЖамбылауданы
    #ЖамбылскаяобластьЖамбылскийрайон
    #РуханижаңғыруЖамбылоблысы
    #РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
    #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть #Болашаққабағдарруханижаңғыру
    #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
    #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
    #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть #язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
    #туғанжер
    #tuganjer
    #100жаңаесім
    #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
    #СакральныеместаКазахстана
    #100жаңаесім
    #100новыхлиц
    #100жаңаоқулық
    #100новыхкниг

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района