100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ұлы даланы ұлықтау – ұрпақ парызы! 07. 08.2019жыл

    Болашақтың айқын бағдары

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген құндылықтар мен мәдени мұралар – ұлтымыздың әлем өркениетіндегі орнын айшықтауға бағытталған ауқымды қадам.

    Мақалада айтылған деректер қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» бағдарламасын жасау еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ Елбасы мақаласында: «Біз, біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» делінген. Осы орайда мектептерде қазақ халқының ұлы тұлғалары мен олардың туындыларын насихаттайтын жобалар жүзеге асырылуы керек. Бұл жобалар арқылы мектеп оқушы­лары мен мұғалімдері өткен тарихымызға тағы бір мәрте үңіліп, өскелең ұрпақтың арасында кеңінен дәріптелуіне септігін тигізер еді.

    Жаһандану кезеңінде ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білуге бағытталған бұл мақаланы жастарға оқу құралы ретінде пайдалануға болады деп санаймын.

    Қазіргі қазақ ұрпағы тарихи деректерді жақсы білуі тиіс. Біліп қана қоймай, оны қастерлеп, бағалауы керек. Оқушылармен тікелей жұмыс істей отырып, біз, ұстаздар қауымы, өз кезегімізде ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ қалыптастыру жолында аянып қалмаймыз.

     

    Нұрсұлтан Алтынбеков,

    Б.Тайшапұлы атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района