100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ұлттық мұраны сақтап, тарихты тану маңызды! 07.08.2019 жыл

    Ұлы Даланың жеті қыры

    Туған елдің ұлттық дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау кез келген тәрбиенің негізі болып табылады, себебі бұл біздің ұлттық құндылығымыз. Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы ғана нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты мемлекет құра аламыз.

    Осы жағынан алғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы мемлекеттің тарихи мұрасына, оның тарихи кеңістіктегі өзектілігі мен маңызына назар аудартады. Мақаланың мағынасы тереңде екені сөзсіз. Елбасы бұрынғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баян еткендей, ұлттық тарихымыздың әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін бағамдауға шақырады.

    Президент ерекше атап көрсеткен Ұлы даланың жеті қыры әлемдік өркениетті құру мен дамытуға септік еткен ұлттық мұра топтарын ұсынады. Ерте заманда-ақ жылқыны қолға үйретуді, металлургияны, қола мен темірді өңдеуді меңгере отырып біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосқаны, көшпенді халықтар айрықша құрылған әскери жүйенің арқасында ғасырлар бойы қарсыластарына өздерінің әскери-саяси артықшылықтарымен үстемдікке ие болғаны туралы анық жазылған.

    Еліміздің материалдық-мәдени мұрасы бойынша көптеген ескерткіштердің ашылуы Қазақстан мен Еуразияның іргелес аймақтарының ежелгі тарихын қайта құруда зор маңызға ие. Ғылым мен мәдениеттің орталығы болып, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауилер өмір сүрген және түрлі еңбектер жазған ортағасырлық қалалар – бұлар нағыз Ұлы дала жетістіктері. Олар әлем тарихы мен мәдениетінің дамуы мен қалыптасуына зор ықпал еткен тұлғалар.

    Ұлы даланың біртуар ойшылдары бейнелерінің галереясы және келбеті орын тапқан Отырардың қайта жаңғыруы – бұл мемлекетіміздің дамуының заманауи кезеңіндегі абсолютті қажеттілік.  Сондықтан Қазақстан тарихын зерттеу мен елдің мәдени мұрасын паш етуге бағытталған жаңа, күрделі жобаларды сапалы етіп орындау Ұлы дала елдерінің тарихи рөлін тануға және Қазақстанның рухани-идеологиялық дамуына септігін тигізеді деп санаймыз.

    Ұлы көшпелі өркениетті нақты тану қазіргі заманғы Қазақстанның дамуына қанат бітіріп, ұлттық мұрамыздың мазмұнын аша түсетініне сеніміміз мол.

    Ақбаян Әбдікерім,

    Б.Кейкиев атындағы орта мектептің

    қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района