100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ҰЛТ БОЛАШАҒЫ АТА-АНАЛАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

    «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында «Ұлт болашағы – ұрпақ тағдыры» тақырыбында ата-аналардың аудандық форумы өтті. Форумға аудан әкімдігі білім бөлімінің мамандары, құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, мектепішілік қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп психологтары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты.
    Жиында аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана қызметкері Аида Тоқсанбаева «Жасөспірімдер денсаулығы – әлеуметтік байлықтың негізі», аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Қанат Алденов «Құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі», аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Арман Смаилов «Төтенше жағдайлардың алдын алу және одан қорғану шара­лары», Төле би атындағы орта мектеп­тің психологы Гүлнар Шүкеева «Бала тәрбиесі және тәрбие беру психоло­гиясы» тақырыбында баяндама жасап, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры Жаннұр Дүйсенова «Вир­туалды тәуелділік – жасөс­пірімдер үшін қауіпті» тақыры­бында бейнематериалдар көрсетті. Ата-аналармен психологиялық тренинг ұйымдастырылып, ой-пікірлері тыңдалды.
    Аудандық форумға қатысушылар атынан барлық ата-аналарға арналған үндеу жарияланды.
    Күнзипа СИТАЛИЕВА,
    «Шұғыла».
    #РуханижаңғыруЖамбылауданы
    #ЖамбылскаяобластьЖамбылскийрайон
    #РуханижаңғыруЖамбылоблысы
    #РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
    #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть #Болашаққабағдарруханижаңғыру
    #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
    #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
    #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть #язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
    #туғанжер
    #tuganjer
    #100жаңаесім
    #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
    #СакральныеместаКазахстана
    #100жаңаесім
    #100новыхлиц
    #100жаңаоқулық
    #100новыхкниг

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района