100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Туған елге қызмет ету – Туған жерді сүюден басталады» (10.01.18ж)

     

    Тәуелсіздікке қол жеткізген 26 жылда еліміздің әлемнен ойып тұрып орын алып, алпауыт мемлекеттердің көшіне ілесуі – Елбасының көреген саясатының арқасы. Бүгінде  барлық салада ілгерілеу бар. Әлі де алға қойған мақсаттар мен міндеттер жетерлік. Соның бірі – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Ол үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек?

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мұның барлығы кеңінен қамтылып, көрсетіліп отыр. Ширек ғасыр ішінде жаһанға танылған Ұлы дала елінің рухани жаңғыратын сәті туды.

    Мақалада ұлт мұраты, ұрпақ игілігіне қатысты бірқатар міндеттер мен тың жобалар ел назарына ұсынылды. Оның ішінде, әсіресе, «Туған жер» бағдарламасын қолға алу жөніндегі идеясы көпшілік көңілінен шықты. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі», – дейді Елбасы өз мақаласында.

    Расында, туған елге қызмет ету – туған жерді сүюден басталады. «Туған жерге туыңды тік» деп кешегі бабаларымыз тегін айтпаса керек-ті. Бажайлап қарасақ, бұл сөздердің астарында терең мағына жатыр. Әр адам өз туған жеріне жақсылық жасау арқылы туған еліне деген сүйіспеншілігін дәлелдейді. Ұлт Көшбасшысы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы ауыл-аймақтарды ғана дамытып қоймай, тұтастай еліміздің дамуына алып келеді. Туған жерін дамытуда сол жерде туып-өсіп, топырағынан нәр алған қалталы азаматтардың рөлі ерекше. Олар өз тарапынан сол аймақтарда халықтың әл-ауқатын көтеруге атсалысулары керек. Ол үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылуы қажет. Елбасы өз мақаласында: «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», – деп атап өтті. Шынында, туған елді жақсы көру – туған жеріңді, кіндік қаның тамған өлкенің әр тасын сүюден басталады. Ұлт Көшбасшысының осы мақаласын негізге ала отырып, баршамыз туған мекенге қызмет етсек, тәуелсіздігіміздің іргетасы берік болары сөзсіз.

    Жансая Оспанова,

    аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің басшысы.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района