100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ПАШ ЕТТІ

    ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ПАШ ЕТТІ
    Жуырда Ю.Гагарин атындағы орта мектептің акт залында аудан әкімдігінің білім бөлімі жоғары сынып оқушылары арасында «Өскен өңір» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткен сайыс барысында оқушылар туған жердің тарихы мен дәстүріне байланысты танымдық қабілеттерін паш етіп, туған өлке туралы ой-өрістерін ортаға салды. Туған жерге байланысты викториналық сұрақтарға нақты жауап беріп, туған өлкесінің тарихы бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Жамбыл ауданы туралы шағын очерк жазды.
    Сайыс нәтижесін сараптаған қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынды Б.Момышұлы атындағы орта мектеп иеленді. Жүлделі ІІ және ІІІ орындар сәйкесінше Ю.Гагарин атындағы және Ә.Тарази атындағы орта мектептерге бұйырды.
    Айнұр МАНАПОВА,
    Б.Момышұлы атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района