100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Шеберді сынама, өнеріне таңдан» 14.08.2019

    «Шеберді сынама, өнеріне таңдан»

    Аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы шеңберінде «Шеберді сынама, өнеріне таңдан» атты аудандық қолөнершілер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 9 округтен 11 қатысушы қолөнер бұйымдарын әкеліп, көрмеге ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сәуле Төлекова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Индира Мыңжасарова, музей қызметкері Гүлбағира Бекжанова ұсынылған жұмыстардың ерекшелігі мен сапасына мән берді.

    – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Солардың бірі – «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы. Ауыл-ауылда ата-әжелеріміздің шебер қолдарынан шыққан осындай дүниелерді дәріптеп, өскелең ұрпақты ұлттық қолөнерге баулу маңызды. Сіздер әр ауылда осындай өнердің шамшырағын жағып отырған шебер, ұста ғана емессіздер, сіздер ұлттық мұраның өркен жаюына себепкер жандарсыздар. Біз сіздерге шығармашылық шабыт пен еңбектеріңіздің нәтижесін көрулеріңізге тілектеспіз, – деді мұражай қызметкері Гүлбағира Бекжанова.

    Байқаудың қорытындысы бойын­ша Әсел Оразалиева (Ақбұ­лым ауылдық округі), Сандуғаш Дүйсембаева (Өрнек), Айсұлу Ахметова (Жамбыл), Аманкүл Нұрсейітова (Ерназар), Жанель Серік (Қарой) Алғыс хатпен мара­пат­талса, Амина Садықова (Қарой) «Шебер қолдар», Галина Маршиева (Гродеково) «Үздік авторлық идея» номинациясын жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынды Лияскүл Керімқұлова (Айшабибі), екінші орынды Жеңіскүл Сауқашова (Ақбастау), бірінші орынды Ләззат Оразалиева (Бесағаш) иеленді.

    Байқау соңында жеңімпаздар­дың барлығына бағалы сыйлықтар табысталды.

    Күнзипа Ситалиева,

    «Шұғыла-Радуга».

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района