100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ШАРА

    ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ШАРА
    Шайдана бастауыш мектебінің жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында тәрбиеші Ұлмира Диханбаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында іс-шара өтті. Орталықтың тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қатысқан шарада сөз алған аталмыш мектептің меңгерушісі Нұрбибі Молдашова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жайында кеңінен сөз қозғады.
    – Біз бүгін жаңару дәуірін бастан өткерудеміз. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары алдымен экономика, одан кейін саясат ұстанымын ұстансақ, бүгін рухани тұрғыдан кемелденетін кезге жеттік. Яғни, рухани жаңғырудың жарқын жолына түстік. Бұл бағдарламалық мақаланың бізге берері мол. Болашақта бағыты айқын мақала аясында талай тірлік тындырылатыны сөзсіз, – деді Нұрбибі Байзаққызы.
    Ал, орталық әдіскері Айгүл Құдайбергенова еліміз­дің ертеңі бүгінгі жастардың қолында еке­нін айтып, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беріп, рухани баюына жағдай жасау керектігін жеткізді.
    Өз кезегінде бүлдіршіндер Бегайым Мейрхан, Бағдаулет Құралбай, Нұрасыл Петай, Айзере Айтбек, Нұрдаулет Құралбай ән айтып, би билеп, шараның қызықты өтуіне атсалысты.
    Салтанат МАХАМБЕТҚҰЛОВА,
    тәрбиеші.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района