100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазына» 14.08.2019

    Рухани жаңғыру

    Салт-дәстүрім — таусылмайтын қазына

    Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында рухани мәселеге айрықша назар аударды. Соның ішінде тағылымы терең салт-дәстүріміздің орны ерекше. Салт-дәстүр қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурызкөже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Бұл тұрғыда ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың үлкен мәнге ие.

    Жуырда Бірлесу-Еңбек ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Қамар Ысқақова мен кітапханашы Ақтоты Сланованың ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазына» атты тәрбие сағаты ауылдық клубта өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын дәріптеу. Іс-шара барысында ұлттық бұйым көрмелері, суреттер, ашық қараулар көрермен назарына ұсынылды. Ауыл әжелері көрпеше құрау, ат қою, бесікке салу, шілдехана сияқты ұлттық дәстүрлеріміз туралы тарқата әңгімелеп берді. Тағылымы мол шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

    Ұлжан Мұратбекова,

    Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының спорт әдіскері.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района