100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    РУХАНИ ТІРЕГІМІЗ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ

    «Рухани тірегіміз ұлттық жаңғыру» атты семинары өтті
    Рухани жаңғыру ұлт пен оның өкілі жеке адамның кісілік табиғатына тәуелді. Ұлттық санада шынайылық, туралық, ұқыптылық орын алмаса әлеуметтік ортаның даму күші әлсірейді. Осы себептен тарихтың тәжірибесінен, уақыттың елегінен өткен құндылықтар сақталып, адамның қоғамдық ортадағы іс-әрекеті, қоғамдық психология сонымен реттеліп, кез-келген ел мүддесіне қажет нәрсе прагматикалық және реалистік принципте зерделенуі тиіс. Қазақ ұлтының ата мекен кеңістігін игеру, қорғаудағы ұстанымы да осы қағидамен жүзеге асып отырған.
    Ұлттық код ұлттық болмыстың рухани көзі, тарихи негізі. Ұлттқ код болмаса тарихи ақпараттар, мәдени құндылықтар ұрпақ санасында бірікпейді. Ұлттың игілігіне негізделген барлық тарихи және заманауи ақпараттар ұлттық код арқылы ұлттың зердесінде жинақталып, таратылып, өңделіп жүзеге асып отырады. Осы құндылықтарды тереңінен талқылау, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін заманына лайық шет тілдерін меңгерген озық әрі жаһандық көз қарасы бар Қазақстандық қоғамымыздын идеалына айналуына негіздеу. мақсатында педагог мамандарының арасында «Рухани тірегіміз ұлттық жаңғыру!» атты семинар өткізілді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района