100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ 17.02.18ж

    ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ
    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы аясында (жоба модераторы аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлхан Әлімбекова) «Тарихи мұра – ұрпаққа өнеге» атты қолөнер шеберлері арасында байқау ұйымдастырды. Кәсіби емес қолөнер шеберлерінің шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған аудандық байқауға 15 ауылдық округ қатысып, көрмеге қолөнер бұйымдары қойылды.
    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудандық жобалық офистің топ жетекшісі Бақытжан Құтжан, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Гүлбағира Бекжанова, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев қазылық еткен байқау жеңімпаздарды анықтады.
    Қолөнер шеберлерінің аудандық байқауында «Үздік авторлық идея» номинациясын Айгерім Асылбек (Қарой ауылдық округі), «Шығармашылық көркемдігі үшін» номинациясын Мөлдір Әлішерова (Жамбыл ауылдық округі), «Шебер қолдар» номинациясын Ұлбала Өмірзақова (Көлқайнар ауылдық округі), үшінші орынды Ғазиза Айменова (Қаратөбе ауылдық округі), екінші орынды Шолпан Сұранбаева (Қызылқайнар ауылдық округі), бірінші орынды Балжан Жүнісова (Аса ауылдық округі) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Күнзипа СИТАЛИЕВА,
    «Шұғыла».

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района