100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты» 14.08.2019

    Айшабибі ауылдық округі Айшабибі орта мектебінде ағымдағы жылдың 13 тамыз күні «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты» атты ауыл тұрғындарына семинар-тренинг өтті. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН 2019 ЖЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА сәйкес, жаңа қазақ әліпбиі және емле ережелесімен таныстыру, емле ережелерді түзу принциптерін түсіндіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдердідамыту бөлімінің бас маманыА. Шаймерденова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін жан-жақты түсіндіріп, Qazalipbi.kz бағдарламасы бойынша тренинг жүргізді. Семинар соңында латын графикасында диктант жазылды. @ Aysha-Bibi, Zhambyl, Kazakhstan

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района