100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мемлекеттік инспектор — ауданымызда 13.06.18ж

     

    Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жеткен жетістіктеріміз, шыққан шыңдарымыз, бағындырған белестеріміз аз емес.

    Біздің – қазақстандықтардың биік белестерден көрінуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясаты оң ықпалын тигізуде.

    Оған Елбасының әр жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары сеп болғандай. Бұған қоса, үзілгенімізді жалғап, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандырып, тарихымызды танытқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұмытыла бастағанымызды қайта оралтып, ұйқыдағыны оятқан бағалы бір бағдарлама болды.

    Біз ойымызда, санамызда жаңғырып, тереңде тұнып жатқан тарихымызға үңіле бастадық. Соның арқасында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген тірліктер тиянағын тауып, ауқымды істер атқарылды.

    Сол тірліктерді көру үшін кеше ауданымызда Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Сейілханұлы Базарханов болып, бірқатар нысандарды аралады.

    Мемлекеттік инспектор алдымен сапарластарымен бірге Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Айша бибі және Бабаджа Хатун кесенесінде болды. Киелі орында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері кесенелердің тарихы туралы баяндап берді.

    Қонақтардың келесі тоқтаған жері – аудан орталығындағы «Жастар ресурстық орталығы». Мұнда аудан әкімдігі білім бөлімі, аудандық орталық кітапхана, аудандық Мәдениет үйі, аудандық өлкетану мұражайы қызметкерлері мен Б.Момышұлы атындағы, №1, Гагарин атындағы орта мектептердің өнертапқыш өрендері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған жұмыстары жайлы кеңінен әңгімелеп, өз туындыларымен таныстырды.

    Мемлекеттік инспектор осы «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында орналасқан аудандық тарихи-өлкетану мұражайына бас сұғып, көне тарихи жәдігерлермен танысты.

    Еркін Сейілханұлы бұдан соң «Аса дайындық білім беру орталығына» тоқтады. Орталықтың заманауи үлгіде салынғанын, яғни оқушылардың терең білім алуына барлық жағдай жасалғанын, осындағы сынып бөлмелерін, жатын орындарын, асханасын аралап көрді. Мемлекеттік инспектор орталықтың екінші қабатының кіреберіс фойесін «Рухани жаңғыру» бөлмесіне айналдырғанына риза көңіл танытып, оқу орнының директорына алғыс айтты.

    Мемлекеттік инспектордың сапары кезінде онымен бірге аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, орынбасарлары Жалғас Мұртаза, Үміткен Найманова және ауыл әкімдері мен аудан әкімдігі бөлімдерінің бірқатар басшылары болды.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района