100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

    Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиінен латынға көшу – заман талабы» тақырыбында іс-шара өтті. Абонемент бөлімінің меңгерушісі Құралай Асхатаева жүргізген шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, төраға орынбасары Әзіретәлі Садыралиев, тарихшы, зейнеткер Алтынхан Сапарбаев және бір топ жас мамандар қатысты.
    Басқосу барысында дүние жүзі халқының 80 пайызы латын графикасын қолданатыны, ежелгі құнды тарихи мәліметтер мен жаңа технология латын әліпбиімен таңбаланғаны айтылды.
    «Латын әліп­биіне көшуде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?», «Дамыған елдер қатарына қосылу үшін қажетті негізгі факторлар», «Латын графикасына көшудің қандай оңтайлы жолдары бар?» деген сұрақтар төңірегінде ардагерлер мен жастар ой толғап, пікірлерін білдірді.
    Оқырмандар назарына Ақдана Құрымбаева аудандық орталық кітапхана қорында бар әдебиеттерді ұсынды.
    Күнзипа СИТАЛИЕВА,
    «Шұғыла».
    #РуханижаңғыруЖамбылауданы
    #ЖамбылскаяобластьЖамбылскийрайон
    #РуханижаңғыруЖамбылоблысы
    #РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
    #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть #Болашаққабағдарруханижаңғыру
    #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
    #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
    #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть #язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
    #туғанжер
    #tuganjer
    #100жаңаесім
    #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
    #СакральныеместаКазахстана
    #100жаңаесім
    #100новыхлиц
    #100жаңаоқулық
    #100новыхкниг

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района