100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» 28.08.2019

    Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округінде ағымдағы жылдың 26 тамыз күні «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты мектеп мұғалімдеріне семинар-тренинг өтті. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН 2019 ЖЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА сәйкес, жаңа қазақ әліпбиі және емле ережемен таныстыру, емле ережелерді түзу принциптерін түсіндіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А. Шаймерденова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін жан-жақты түсіндіріп, Qazalipbi.kz бағдарламасы бойынша тренинг жүргізді. @ Assa, Zhambyl, Kazakhstan

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района