100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыру негізі» 14.08.2019

    Жамбыл аудандық емхана қызметкерлеріне  ағымдағы жылдың        14  тамыз күні «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыру негізі»  атты  ауыл тұрғындарына  семинар-тренинг өтті. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ  МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН 2019 ЖЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА сәйкес, жаңа қазақ әліпбиі және емле ережелесімен таныстыру, емле ережелерді түзу принциптерін түсіндіру мақсатында  семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы  А. Шаймерденова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін жан-жақты түсіндіріп, Qazalipbi.kz бағдарламасы бойынша тренинг жүргізді. Семинар соңында латын графикасында диктант жазылды. Іс-шараға 50-ге жуық адам қамтылды.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района