100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ерназар ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – рухани құндылықтарын нығайту» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған іс-шараға Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, ауыл тұрғындары мен оқырман қатысты. Кітапхана меңгерушісі А. Умиралиева Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп ерекше атап өтті. «Латын әліпбиіне көшу – рухани құндылықтарын нығайту» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысы барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Әбдірәсілова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», мектеп кітапханашысы А.Көштаева «Қазақ әліпбиінің тарихы» атты баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Түлкібекова «Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады» деп өз ойын білдірді. 

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района