100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    КӨШПЕЛІ КӨРМЕ – АУДАНДА 17.02.18ж


    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы бағыттарды жүзеге асыру мақса­тында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Рустам Бекеновтің бастамасымен жылжымалы көрме ұйымдастырылуда.
    Сәрсенбі күні 300-ден астам экспонаты бар жылжымалы көрмені аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған тарихи-өлкетану мұра­жайына қойды. Енді аудан тұрғындары он күн бой бұрынғы орталық базар астынан табылған құнды жәдігерлерді тамашалайтын болады.
    – Көрмеде 7 жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи экспонаттардың төрттен бір бөлігі: қыштан, қоладан, мыстан, күмістен жасалған құнды жәдігерлер тұрғындар назарына ұсынылып отыр. Соның ішінде, Берікқара қорғанынан табылған қыштан жасалған ыдыстар мен қоладан жасалған әшекей бұйымдар II-III ғасырға жатады. Сонымен қатар, ежелде білімнің символы ретінде қолданылып келген шырағдандар, Түргештер, Қараханидтер, Цинь дәуірінің мыс, күміс теңгелері, Х ғасырда ежелгі Тараз шаһарында пайдаланылған су жүйесінің қыш құбырлары да көрмеге қойылған, – деді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Таңшолпан Жүзбаева.
    Жылжымалы көрме бұған дейін Жаңатас, Қаратау тәрізді моноқалалар мен Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында болды.
    Күнзипа СИТАЛИЕВА,
    «Шұғыла».
    #РуханижаңғыруЖамбылауданы
    #ЖамбылскаяобластьЖамбылскийрайон
    #РуханижаңғыруЖамбылоблысы
    #РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
    #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть #Болашаққабағдарруханижаңғыру
    #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
    #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
    #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть #язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
    #туғанжер
    #tuganjer
    #100жаңаесім
    #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
    #СакральныеместаКазахстана
    #100жаңаесім
    #100новыхлиц
    #100жаңаоқулық
    #100новыхкниг

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района