100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    КІТАПХАНА КВЕСТІ – АНА ТІЛІМІЗГЕ АРНАЛДЫ

    КІТАПХАНА КВЕСТІ – АНА ТІЛІМІЗГЕ АРНАЛДЫ
    Аудандық орталық кітапхана мен аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Ана тілі күніне орай «Ұлт тілі – халықтың үні» тақырыбында кітапхана квесті өтті.
    Жастарға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айтып, оны құрметтеуге үйретуді мақсат еткен шараға Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты.
    Кітапхана квестін кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашты. Шара барысында мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестерді табу, шешендік сөздер, би-шешендер жайлы сұрақтар қойылып, оқушылар ана тілі жайлы өз ойларын ортаға салды. Басқосуда Қ.Саматқызы, А.Гауһарбек, А.Жұмабай, Р.Серікбай, А.Қалдыбай, Н.Өтегенов, Қ.Нұртай сынды оқушылар белсенділігімен көзге түсті. Сондай-ақ «Тілім менің – қазынам, қасиетім» тақырыбында арнайы библиофреш ұйымдастырылып, балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ш.Қарғабаева оны көпшілікке таныстырды.
    Шараны Ю.Гагарин атындағы орта мектептің кітапханашысы М.Иманқұлова қорытындылап, кітап көрмесінен 4 дана кітап қолға берілді.
    Құрбанәлі ШАХАБАЙ,«Шұғыла».Описание: http://adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/3/2018/02/IMG-20180216-WA0027-4-710x533.jpg

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района