100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудандық орталық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы таныстырылды.

    Тәуелсіздік қарсаңында жарыққа шыққан жаңа кітаптың таныстырылымына кітапхана оқырмандары қатысты. Кітап таныстырылымға Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Құтжан Бақытжан Райымбайұлы мен«Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Көпбергенов Төленді Жексенбайұлы қатысты.
    Тағылымы мол кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Құралай Асхатаева «Тәуелсіздік дәуірі»- тарихымыздың тынысы атты кіріспе сөзбен ашып, Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап беретін сөзбен бастау алды.
    Негізгі бөлімде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева таныстырып, шолу жасап, көпшілікке толық ақпарат берді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района