100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЛАРЫ

    «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», деп жазды Президент. Осы жоба аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты аудандық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен кітап карнавалы өтті. Кітап карнавалына Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры – Бегманова Дәметкен Әбілекқызы, Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі – Ситалиева Күнзипа, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Айтулы шарада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Зарландым» әңгімесінен сахналанған көрініс, «Қамар сұлу» романының кейіпкерлері Ахмет пен Қамарды сомдаған оқырмандардың өнері көп көңілінен шықты. Сонымен қатар кітапхана оқырмандарының орындауында Құрманғазының күйлері орындалып, «Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғаудың теңдессіз қаруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолумен аяқталды.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района