100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының № 2 хаттамалық ШЕШІМІ

    Аса ауылы                                                                                                                                                             04 сәуір 2018 жыл

    сағат 10-00

     

     

    Төрағалық еткен: Б. Қазанбасов – Жамбыл ауданының әкімі.

    Қатысқан комиссия мүшелері: Қ.Қуатбеков, Р.Бегалиев, Ү.Найманова, Т.Татенов, Н.Несіпбеков, Н.Құлманова, Е.Келесов, Р.Қожамжарова, С.Маханбетқұлов.

    Шақырылғандар: ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары.

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. 2018 жылдың 1 тоқсандағы аудандық жергілікті полиция қызметінің құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша атқарылған жұмыстары туралы.

    ________________________________________________________

     

    Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Құқық бұзушылықтың алдын алу қылмыспен күрес бойынша аудан көлемінде 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысының міндетін атқарушысы Е.Қалисаевтің баяндамасы назарға алынсын.
    2. Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша Жамбыл аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Д. Нұралиевтің 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары жайлы есебі назарға алынсын.

    – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шараларды жандандырсын;

    – құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне қатысты материалдарды БАҚ-да, интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін;

    – тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз етсін;

    – ауылдық округ әкімдері құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайту бағытында округте белгіленген учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс жасасын, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылуына ерекше назар аударып, олардың алдын-алу бойынша шараларды қабылдасын, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуді жандандырсын.

    1. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысында ашықтық пен жариялылықты орындалуы қамтамасыз ету бойынша (билборд, баннер) орналастыру жұмыстары атқарылсын;

    – білім бөліміне қарасты  жалпыға  бірдей білім беретін мектептерде және ауылдық округтерде график бойынша «Түнгі ауылдағы  балалар» атты рейдтік іс-шара барысында компьютерлік клубтарда, көңіл көтеру мекемелерінде және кәмелетке толмағандар болатын өзгеде орындарда жүргізілсін. Бұдан басқа, кешкі мерзімде патрулдік жұмысын тоқтатпауын қамтамасыз етуге қоғамдық орындарда (көшеде) қауіпсіздік сақтауға, жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған оқушыларды қадағалау бойынша, жергілікті полицияның қызметімен бірлесіп барлық ауылдық округтерде ерікті жасақшылар тобы жұмысы жүргізілсін;

    – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылсын;

    – спорт  бөлімі аудан көлемінде жасөспірімдер мен жастар тарапынан жасалатын құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын мәдени–спорттық іс-шаралар өткізілсін;

    – аталған бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға нақты ұсыныстар енгізсін.

    1. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратына жүктелсін.

     

     

             Жамбыл ауданының әкімі,

             комиссия төрағасы                                                  Б. Қазанбасов

     

     

             Комиссия хатшысы                                                      Е. Қалисаев

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района