100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының № 1 хаттамасы

    Аса ауылы                                                                                                                                                10.01.2018 жыл

    Сағат 10.00

     

     

    Төрағалық еткен: Б. Қазанбасов – Жамбыл ауданының әкімі.

    Қатысқан комиссия мүшелері: Р.Бегалиев, А.Асылбеков, Ү.Найманова, Н.Несіпбеков, Т.Татенов, Р.Қожамжарова, Е.Келесов, Н.Құлманова, Б.Бибазаров.

    Шақырылғандар: ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары.

     

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. 2017 жылы аудандық жергілікті полиция қызметінің органымен құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша атқарған жұмыстары туралы.
    2. Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

    ________________________________________________________

    Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша Құқық бұзушылықтың алдын алу қылмыспен күрес бойынша аудан көлемінде 2017 жылдың атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуовтің хабарламасы назарға алынсын.
    2. Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.Татеновтың 2017 жылдың атқарылған жұмыстары жайлы есебі және жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Нұралиевтың 2017 жылдың атқарылған жұмыстары жайлы есебі назарға алынсын.
    3. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) және ауылдық округ әкімдері;

    – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шараларды жандандырсын;

    –  мал ұрлығының орын алу себептерін талдау;

    – аудан көлемінде орын алған қылмыстардың өсу себептерің талдау;

    (оның ішінде, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 77/77 теңесіп, көшеде жасалған қылмыстар 30/40 33,3%-ға өскен, аса ауыр қылмыстардың саны 4/6 50%-ға өскен, зорлау 6/7 16,7%-ға өскен, пәтер ұрлығы 52/64 23,1%-ға өскен)

    – тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың толық орындалуын (яғни ұсақ бұзақылықтар, оның ішінде қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу, тыныштықты бұзу т.б.с.с. ) қамтамасыз етсін;

    – құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне қатысты материалдарды БАҚ-да, интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін;

    – тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз етсін;

    – ауылдық округ әкімдері құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайту бағытында округте белгіленген учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс жасасын, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылуына ерекше назар аударып, олардың алдын-алу бойынша шараларды қабылдасын, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуді жандандырсын.

    1. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, спорт бөлімі құқық бұзушылық профилактикасына қатысты өз құзыреттері шегінде тиісті жұмыстардың барлығын қамтып, жан-жақты жұмыстар жүргізсін;

    – аталған бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға нақты ұсыныстар енгізсін;

    – аудан әкімі аппаратына құқық бұзушылық профилактикасына қатысты ақпараттарды тоқсан сайын тапсыруды және аппарат тарапынан түскен сұраулар мен тапсырмаларды сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.

    1. Аудандық ведомствоаралық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
    2. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратына жүктелсін.

     

    Жамбыл ауданының әкімі,

          комиссия төрағасы                                                    Б. Қазанбасов

     

           Комиссия хатшысы                                                         Е. Калисаев

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района