100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    2019 жылдың І тоқсанында жүргізілген мониторинг нәтижесі

    Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 176 млрд теңгеден асты

    Мамыр айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеден асты.

    2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

    Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95% немесе 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 5% жуығы немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

    Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9% құрады.

    Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

    Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

    «Әлеуметтік медициналық

    сақтандыру қоры» КЕАҚ

    Жамбыл облысы бойынша

    филиалы

    2019 жылдың І тоқсанында жүргізілген мониторинг нәтижесі

    Жалпы Қазақстан бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 1403 медицина ұйымы қызмет көрсетті, оның 701-і – жекеменшік. 2018 жылмен салыстырар болсақ, тапсырыс алған жеткізуші ұйымдар арасында жеке меншік клиникалар саны 57-ге көбейген.

    2019 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі бойынша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы 71,9 млн. теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгенін анықтады. Соның ішінде:

    емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер – 14,7 млн. теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер – 13,8 млн теңге; ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер – 4,7 млн теңге; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар – 21,4 млн. теңге; медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша – 17,3 млн теңге.

    Мониторинг барысында айыппұлдарға әкеліп соқтыратын негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру.

    Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

    КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района