100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мерекелік автошеру ұйымдастырылды

     

    Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

    Биыл мемлекеттік рәміздерімізге – 28 жыл. Айтулы датаға орай ауданымызда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен мерекелік автошеру ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық нышандарымызды ұлықтау, дәріптеу болатын. Автошеруге ауылдық округтерден жалпы саны 15 автокөлік қатысып, аудан орталығы – Аса ауылындағы көшелермен жүріп өтті.

    Ол күні ауданға қарасты мекеме-ұйымдардың қызметкерлері, Жалпақтөбе, Гродеково, Ақбұлым ауылдарында тұратын өзге ұлт өкілдері бір мезгілде Әнұран айтты. Осылайша олар мемлекеттік рәміздеріміздің аудан көлемінде ұлықталуына, дәріптелуіне үн қосып, құрмет білдірді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района