100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда № 2946 болып тіркелді

          РҚАО-ның ескертпесі.
          Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
    1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда ресми жарияланған, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне өзгерістер мен толықтырулар осы қаулының қосымшасынасәйкес енгізілсін.
    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
    3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
    4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Облыс әкімі К. Көкрекбаев
    Жамбыл облысы әкімдігінің
    2016 жылғы «27» қаңтардағы
    № 25 қаулысына 1 қосымша

    «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

          1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
    «1. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12805 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес облыстық аудандары және Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) көрсетеді.»;
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
    1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – халыққа қызмет көрсету орталығы);
    2) көрсетілетін қызметті беруші;
    3) ауылдық округ әкімі;
    4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
          2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.»;
    3 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
    «Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.»;
    Мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
    10-1 Порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігі тәртібін сипаттау:
    1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
    2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен парольді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
    3) 1 шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі мен пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы жайлы мәліметтердің түпнұсқалығын тексеру;
    4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің бұзылушылықтары болған жағдайда порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
    5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін экранға тапсырыс үлгісін шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгіні толтыруы (мәліметтерді енгізу);
    6) 4 үдеріс – мемлекеттік қызметті алу үшін үлгіні (енгізілген мәліметтерді) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру;
    7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (тапсырыста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасында) тексеру;
    8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының расталмауына байланысты тапсырыс берілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
    9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тапсырысты куәландыруы және көрсетілетін қызметті берушімен өндеу үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы аймақтық «электрондық үкімет» шлюзіндегі автоматтандырылған жұмыс орнына электронды құжатты (тапсырысты) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызметті өндеу;
    10) 7 үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысаны жолданады.
    Мемлекеттік қызметті көрсету барысында портал арқылы жүгінуі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес сипатталған.»
          11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
    «11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 12-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.».
    Осы қаулсының 23 қосымшасына сәйкес 34 қосымшалар толықтырылсын.

    Жамбыл облысы әкімдігінің
    2016 жылғы «27» қаңтардағы
    № 25 қаулысына 2 қосымша
    «Өтініш берушінің (отбасының)
    атаулы әлеуметтік көмек
    алушыларға тиесілігін
    растайтын анықтама беру»
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет
    регламентіне 3 қосымша

    «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің
    2016 жылғы «27» қаңтардағы
    № 25 қаулысына 3 қосымша
    «Өтініш берушінің (отбасының)
    атаулы әлеуметтік көмек
    алушыларға тиесілігін
    растайтын анықтама беру»
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет
    регламентіне 4 қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» портал арқылы

    Шартты белгілер:

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2017 жылғы «26» қазандағы

    № 231 қаулысына

    3-қосымша

     

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2015жылғы «27» шілдедегі

    № 158қаулысымен

    бекітілген

     

     

     «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

     

    1. Жалпы ережелер
    1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз ретіндежұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес аудандардың және Тараз қаласы әкімдіктерінің «Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
    2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

     

    1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
    2. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынуы негіз болып табылады.
    3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды,оларды кіріс хат-хабарларында тіркейді  және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындауға жолдайды  –20 (жиырма) минуттан аспайды;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркейді, қағаз немесе электрондық түрдегіхабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойып,көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкеріне жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынады – 10 (он) минуттан аспайды.

    1. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

    2)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасы;

    3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарап және «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркеу, қағаз немесе электрондық түрдегіхабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

    5) көрсетілетін қызметті алушыға қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну.

     

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

    іс-қимылы тәртібін сипаттау

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері.

    1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, оларды кіріс хат-хабарларында

    тіркейді  және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына береді – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындауға жолдайды –20 (жиырма) минуттан аспайды;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркейді, қағаз немесе электрондық түрдегіхабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойып,көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкеріне жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қағаз немесе электрондық түрдегіхабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынады – 10 (он) минуттан аспайды.

     

    4.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі стандартта қарастырылмаған.

    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасыосы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://sobeszhambyl.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://adm.zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района