100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

    Жамбыл облысы әкімдігінің
    2016 жылғы «04» наурыздағы
    № 79 қаулысымен бекітілген

     

    1. Жалпы ережелер

    1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, ауданның, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
    3) www.elicense.kz «Е-лицензиялау», www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім немесе Стандарттың 10 – тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
    Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
    Қағаз жеткізгіште шешімді алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта рәсімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады.
    2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
    iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

    4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға Стандарттың 1 – қосымшадағы нысан бойынша қызмет алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініші немесе көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұранымының болуы негіз болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсiмнің (iс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
    1) 1-іс-қимыл – көрсетiлетiн қызметті алушы немесе Мемлекеттік корпорация ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 – тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
    Құжаттарды қабылдау туралы талон немесе қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат беру. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;
    2) 2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысуы. Орындау үшін көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесін айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;
    3) 3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының заңнамаға сәйкестігін қарау, жер учаскелерін беру бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жер комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) отырысына материалдарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;
    4) 4-іс-қимыл – комиссияның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы немесе бас тарту жөнінде қорытынды қабылдауы. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;
    5) 5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімінің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеу. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;
    6) 6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің шешім қабылдауы. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
    7) 7-іс-қимыл – шешімнің көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет алушыға беру немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдау. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
    6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетiлетiн қызметті алушы немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынған, тіркелген құжаттар болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. 1-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi бұрыштама қойылған құжаттар болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. 2-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi комиссия отырысына дайындалған материалдар немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. 3-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындау үшін комиссияға тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi комиссияның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы немесе бас тарту жөнінде шешімі болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. 4-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті беруші шешімінің жобасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болады. 5-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимылды орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің қабылдаған шешімі болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. 6-шы іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимылды орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырылады.
    Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының немесе Мемлекеттік корпорация курьерінің көрсетілетін қызметті берушінің шешімін алу жөніндегі қолхаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

    3. Мемлекеттiк қызметтерді көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

    7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
    4) комиссия;
    5) Мемлекеттік корпорация қызметкері.
    8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Стандарттың 9 – тармағындағы тізбеге сәйкес көрсетiлетiн қызметті алушы немесе Мемлекеттік корпорация ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды қабылдау туралы талон немесе қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға тапсырады. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, комиссия отырысына материалдарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;
    4) комиссия материалдарды қарайды және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы немесе бас тарту жөнінде корытынды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;
    5) көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті беруші шешімінің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;
    6) көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
    7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі шешімнің көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде.

    4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
    ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    9. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Стандарттың 9 – тармағында аталған құжаттарды ұсынады.
    Көрсетілетін қызмет алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы 15 (он бес) минутты құрайды.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
    Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 – тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандартқа 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    Көрсетілетін қызмет берушінің сұранымын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар: Мемлекеттік корпорация қызметкері.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының сұранымын Мемлекеттік корпорация біріктірілген ақпараттық жүйесінде тіркеу және өңдеу кезіндегі іс-қимылдары осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасында көрсетілген.
    Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдардың, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушілердің сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсімінің (іс-қимылының) реттілігі және мерзімдері:
    1) 1 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне логин мен парольді енгізуі (авторландырылу процесі);
    2) 2 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушының деректерін енгізуі;
    3) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранымды «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы – жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына жолдау;
    4) 1 шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорында болуын тексеру;
    5) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорында болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігі жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру;
    6) 5 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің сұраным нысанын құжаттардың қағаз түрінде бар болуы бөлігінде толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізуі, оларды сұраным нысанына қоса тіркеуі және қызметті көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру;
    7) 6 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңба куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне жіберу;
    8) 7 процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне тіркеу;
    9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті беруші маманы көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9 – тармағында көрсетілгендерге және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
    10) 8 процесс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
    11) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (шешімнің немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың электрондық көшірмесі) Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы алуы.
    10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібі осы Регламентке 2, 3 қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммаларында көрсетілген:
    1) 1 процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне логин және парольді енгізуі (авторландырылу процесі);
    2) 1 шарт – логин және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің маманы туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесін тексеру;
    3) 2 процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
    4) 3 процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының осы Регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
    5) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранымды «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына жолдау;
    6) 2 шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорында болуын тексеру;
    7) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорында болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігі жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру;
    8) 6 процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының сұраным нысанын құжаттардың қағаз түрінде бар болуы туралы толтыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізуі, оларды сұраным нысанына қоса тіркеуі;
    9) 7 процесс – сұранымды «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне тіркеу және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне қызметті өңдеу;
    10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9 – тармағында көрсетілгендерге және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);
    11) 8 процесс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
    12) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (шешімнің немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың электрондық көшірмесі) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен қалыптастырылады.
    Портал арқылы:
    1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
    2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторландырылу процесі);
    3) 1 шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
    4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырылудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;
    5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраным нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қоса тіркеумен нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
    6) 4 процесс – сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін таңдауы;
    7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
    8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
    9) 6 процесс – қызмет көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру (қол қою);
    10) 7 процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне тіркеу және сұранымды «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне өңдеу;
    11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9 – тармағында көрсетілгендерге және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);
    12) 8 процесс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
    13) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (шешімнің немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың электрондық көшірмесі) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының электрондық цифрлық қолтаңба қолданумен қалыптастырылады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процесс анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында (http//www.adm.zhambyl.gov.kz) орналастырылады.

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
    көрсетілетін қызмет регламентіне
    1 қосымша

    Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
    функционалдық өзара іс-қимылдарының № 1 диаграммасы

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
    көрсетілетін қызмет регламентіне
    2 қосымша

    Көрсетілетін қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
    ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
    өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
    көрсетілетін қызмет регламентіне
    3 қосымша

    Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
    ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 3 диаграммасы

    Шартты белгілер:

    Бастапқы хабарлама
    Аяқтаушы хабарлама
    Аралық хабарлама
    Аяқтайтын қарапайым оқиға
    Қате
    Ақпараттық жүйе
    Процесс
    Шарт
    Хабарламалар ағыны
    Басқару ағыны
    Түпкі пайдаланушыға ұсынылатын электрондық құжат

    13

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
    өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
    көрсетілетін қызмет регламентіне
    4 қосымша

    Мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
    1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

    2. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

    Направ-
    ление
    запроса
    на
    провер

     

    3. Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

    Шартты белгілер:

    – мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

    – көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің
    iс-қимылдарының (рәсімдердің) атауы

    – таңдау нұсқасы

    – келесі iс-қимылға (рәсімге) өту

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района