100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

          1. Қоса беріліп отырған:

          1) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

          2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

          3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

          Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

          2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

          3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасы
    Ауыл шаруашылығы министрі
    А. Мамытбеков

          «КЕЛІСІЛГЕН»

          Қазақстан Республикасының

          Инвестициялар және даму министрі

          ________ Ә.Исекешев

          2015 жылғы 8 мамыр

          «КЕЛІСІЛГЕН»

          Қазақстан Республикасының

          Қаржы министрі

          ___________ Б. Сұлтанов

          2015 жылғы 4 мамыр

          «КЕЛІСІЛГЕН»

          Қазақстан Республикасының

          Ұлттық экономика министрі

          ____________ Е. Досаев

          2015 жылғы 6 мамыр

    Қазақстан Республикасы
    Ауыл шаруашылығы министрінің
    2015 жылғы 28 сәуірдегі
    № 3-2/378 бұйрығына
    1-қосымша

    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

          Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 30(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Қазақстан Республикасы Ауыл
    шаруашылығы министрінің
    2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына
    2-қосымша

    «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

          Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1-тарау. Жалпы ережелер

          1. «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

          2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

          3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

          Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

          4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

          5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

          6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

          Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтаның мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «жеке кабинетіне» жолданады.

          7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

          8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

          Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады.

          9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне субсидия алуға арналған өтінімді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.

          Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе өтінімнің қабылданғанын растайды.

          10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

          1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған өтінімнің және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

          2) көрсетілген қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 болып тіркелген) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

          11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

          Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

    Мыналардың:

          1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

          2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

          Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

    Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

    Портал арқылы электрондық арыз жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады немесе сотқа жүгінеді.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

          12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

          1) Министрліктің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында;

          2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

          3) egov.kz порталында орналастырылған.

          13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

          14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

    «Өңдеуші кәсіпорындардың
    ауылшаруашылық өнімін
    тереңдете өңдеп өнім өндіруі
    үшін оны сатып алу
    шығындарын субсидиялау»
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет
    стандартына 1-қосымша
    Нысан

    Хабарлама

    Құрметті ________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушы)

    Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті ұсынудан

    ________________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________ себепті бас тартылды.

    «Өңдеуші кәсіпорындардың
    ауылшаруашылық өнімін
    тереңдете өңдеп өнім өндіруі
    үшін оны сатып алу
    шығындарын субсидиялау»
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет
    стандартына 2-қосымша
    Нысан

    Хабарлама

    Құрметті ________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушы)

    Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік

    қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__»

    __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы

    аударылғанын хабарлаймыз.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района