100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аналитикалық ақпараттар

     

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Ы.Нәлібаев  және  Жамбыл ауданының әкімі Б.А.Қазанбасовпен бекітілген  Жамбыл ауданы әкімдігінде мемлекеттік  көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар  жоспарына сәйкес,  тапсырманың орындалуы туралы ақпарат:

                                    Есептік кезең 2018 жылғы  I- тоқсан)

    1-тапсырма. Кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың жеке парақшасын (аккаунт) ашу және онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы ақпаратты (слайд, схема, мәтін, бейне роликтер және т.б. нысандағы) тарту

    2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішікі бақылау нәтижелері бойынша есептерінің дәлдәгін және қызмет тұтынушылардың ақпараттылығын қамтамасыз етуде өзара іс-қимылды жандандыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылды. (http://asa.zhambyl.kz/) сайтында орналасқан :

    –         Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері

    –         Ішкі бақылау жоспары

    –         Халықты ақпараттандыру туралы іс-шаралар жоспары

    –         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есептері

    –         Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін талқылау

    –         Шағым жасау тәртібі

    –         Инфографика

    –         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультация алу үшін телефон нөмірлер

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан-әрі Департамент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына, 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

    Осыған байланысты, мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы шағын (30-60 секундтық) бейнероликті әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Тараз қаласы және аудандардағы бөлімдерінің операциялық залдарында ораналасқан ақпараттық құралдары, телеарналар және интернет-ресурстары арқылы тарату туралы ұсыныс түскен. Осы ұсынысқа сәйкес, бейнероликтер түсіру туралы тапсырма аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріне жолданған, тапсырманың орындалуы  басшылыққа алынып, бейнероликтер әзірленді.

    2-тапсырма. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы және (немесе) электронды түрде көрсету үлесін арттыру

    Бүгінгі күнге Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің жалпы саны 90 мемлекеттік қызмет.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде енгізілген, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша – 72 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің саны  – 92.

    2018 жылға I-тоқсанына аудан көлемінде – 8822 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Оның ішінде:

    –     көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 774 қызмет  (8,7 %);

    –   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны 3382 қызмет  (38,3 %);

    –         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілгендер саны –                    2116 қызмет (24 %);

    –   Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2089 қызмет  (23,7%).

    –   «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы – 461 (5,3 %).

    Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:

    –                     аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау-                      606 қызмет (көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызмет) ; жұмыссыз ретінде жұмыс  іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 542 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде); жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 682 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде); адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру459 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде); Тұрғын үй көмегін тағайындау – 343 қызмет  (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет);

    –                     аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 583 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы);

    Ауылдық округ әкімі аппараты: Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 321 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде); жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 559 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде) ,жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 187 қызмет («электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет),

    Барлығы – 4282 қызмет түрі, оның ішінде:

    – қағаз түрінде – 1486 қызмет  (34,7% )

    – мемлекеттік корпорация арқылы  – 926 қызмет  (21,6 %)

    – электронды түрде –1683 қызмет  (39,3%)

    -«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 187қызмет (4,4%)

    Жамбыл ауданы әкімі аппараты

    ұйымдастыру-инспекторлық

    бөлімшесінің басшысы                                                               А.Мантеев

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района