100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аналитикалық ақпарат

     

     

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Ы.Нәлібаев  және  Жамбыл ауданының әкімі Б.А.Қазанбасовпен бекітілген  Жамбыл ауданы әкімдігінде мемлекеттік  көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар  жоспарына сәйкес,  тапсырманың орындалуы туралы ақпарат:

                                    ЕсептіК кезең 2018 жылғы  II- тоқсан)

    1-тапсырма. Кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың жеке парақшасын (аккаунт) ашу және онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы ақпаратты (слайд, схема, мәтін, бейне роликтер және т.б. нысандағы) тарту

    2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішікі бақылау нәтижелері бойынша есептерінің дәлдігін және қызмет тұтынушылардың ақпараттылығын қамтамасыз етуде өзара іс-қимылды жандандыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылды. (http://asa.zhambyl.gov.kz/) сайтында орналасқан :

    • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері
    • Ішкі бақылау жоспары
    • Халықты ақпараттандыру туралы іс-шаралар жоспары
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есептері
    • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін талқылау
    • Шағым жасау тәртібі
    • Инфографика
    • Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультация алу үшін телефон нөмірлері

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына, 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

    Осыған байланысты, мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы шағын (30-60 секундтық) бейнероликті әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Тараз қаласы және аудандардағы бөлімдерінің операциялық залдарында ораналасқан ақпараттық құралдары, телеарналар және интернет-ресурстары арқылы тарату туралы ұсыныс түскен. Осы ұсынысқа сәйкес, бейнероликтер түсіру туралы тапсырма аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріне жолданған, тапсырманың орындалуы  басшылыққа алынып, бейнероликтер әзірленді.

    2-тапсырма. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы және (немесе) электронды түрде көрсету үлесін арттыру

    2018 жылдың I-жартыжылдығында аудан көлемінде – 47144 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Оның ішінде:

    –     көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1500 қызмет  (3.2 %);

    –   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны 5820  қызмет  (12.3%);

    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілгендер саны –  31429 қызмет  ( 66.6 %);

    –   Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –7447 қызмет  (15.8%).

    –   «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы – 948 қызмет (2.1 %).

    Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:

    • аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінде: Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жүргізу –  26880 қызмет, ветеринариялық анықтамалар беру – 1741 қызмет(Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде);
    • аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау– 955 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде,, жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 982 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде); адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру1045 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде);
    • аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі:Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 1981 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы);

    Ауылдық округ әкімі аппараты: жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 751 қызмет (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде) ,жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 399 қызмет («электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет.

    Барлығы –34734 қызмет түрі, оның ішінде:

    – қағаз түрінде – 1706 қызмет  (4.9% )

    – мемлекеттік корпорация арқылы  –  1981 қызмет  (5,7 %)

    – электронды түрде – 30648 қызмет  (88,2%)

    -«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы- 399 қызмет (1.2%)

    Көрсетілген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуде анықталған заң бұзушылықтар.

    Көрсетілген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бұзылып көрсетілген заң бұзушылықтар болған жоқ.

    2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша есептерінің дәлдігін және қызмет тұтынушылардың ақпараттылығын қамтамасыз етуде өзара іс-қимылды жандандыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылды.

    Ауылдық округ әкімі аппараттары мен тиісті әкімдік бөлімдерінде мекеме басшысының өкімімен немесе бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар бекітілді.

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті  алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың  I-жартыжылдығында аудан әкімдігінің 5 бөлімінде (мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі, аудан әкімдігінің білім, жер қатынастары, ветеринария, ауыл шаруашылығы бөлімдерінде) және 7 ауылдық округ әкімі аппараттарында (Аса, Ақбастау, Ақбұлым, Гродеково, Ерназар, Қаракемер, Қызылқайнар) тексеру жұмыстары жүргізілді.

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2018 жылдың                                  II-тоқсанында  жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 118, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме                 іс-шараларымен халықты қамту – 6038 адам.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  біліктілікті арттыру курстарынан  өткен  адамдар  саны – 1 адам.

    Ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшыларымен және жауапты мамандармен «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру» тақырыбында  2 семинар-кеңес өткізілді.

     

    Ұйымдастыру-инспекторлық

    бөлімшесінің басшысы                                                                 А.Мантеев

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района