100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру (18.05.18)

    Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

                Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-R-4 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Е-G-3 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

    Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    1 Е-R-4 73288 99106
    2 Е-G-3 69957 94109

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалысы уақытына)

     «Е-R-4» санаты, 1 бірлік (08-03)

    Қызметтік міндеттері: Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Аудан бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары туралы қажетті ақпараттарды жоғары органдарға беріп отыру, ақпараттық жүйесі жұмысын қамтамасыз ету. Бөлімде мұрағат құжаттарын рәсімдеу. №1 ТӨ нысанды есепті тапсыру. Өз саласы бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізу, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлеу, тиісті мәліметтерді тапсыру.

    Бөлімнің бақылауында тұрған құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау. Аудандағы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын қадағалау. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу.

    Өз қызметтік міндетін орындауда аудан аумағындағы меншік түріне қарамай, мекеме, ұйымдармен жұмысты үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе  білім саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы

    Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе информатика немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы ( жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы», «Еңбек кодексі»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

    «Е-R-4» санаты, 1 бірлік (08-04)

    Қызметтік міндеттері: Бөлімінің есебін жүргізу. ҚР СТ ИСО 9001-2001 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптары» бойынша жұмыс жүргізу. Өз саласы бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізу, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлеу, тиісті мәліметтерді тапсыру.

    1С бағдарламасымен жұмыс жүргізу және оны уақытылы жаңартып отыру.

    Бөлім қаржыларын және бөлінген трансферттердің игерілуін қадағалау. Жеке жоспар енгізіп тауарлар қызметтерін мекемеге сатып алуға қамтамасыз ету.

    Өз қызметтік міндетін орындауда аудан аумағындағы меншік түріне қарамай, мекеме, ұйымдармен жұмысты үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің ветеринария секторының бас маманы, «Е-R-4» cанаты, 1 бірлік, (11-03)

    Қызметтік міндеттері: Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастыру. Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру. Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер меншикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық  іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылайды.

    Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уакілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлык мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – ветеринария саласындағы

    Мамандығы – ветеринария саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік, (06-02)

    Қызметтік міндеттері: Аудан аумағында мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа  тілдерін дамытуды, тілдерді дамытудың аумақтық бағдарламасының  орындалуын  қамтамасыз ету. Аудандық   ономастика  мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның қызметін  қамтамасыз ету. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыстарды үйлестіру. Мәдениет пен тілдерді дамыту туралы мәліметтерді талдап, облыстық атқарушы органдарға табыс ету. Әкім аппаратының және бөлімнің іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

    Аудан аумағындағы  мемлекеттік  органдардың «Тіл туралы» заңдылықтарды сақталуын бақылау.

    Тілдерді дамыту саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – білім саласындағы

    Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалысы уақытына)

    «Е-G-3» санаты, 1 бірлік (2-03)

                Қызметтік міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беру. Жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енгізу. Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Есеп беттерін жабу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу. Аппараттың қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Әкімнің  басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара  іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Салық кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

    (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалысы уақытына)

    «Е-G-3» санаты, 1 бірлік (2-04)

                Қызметтік міндеттері: Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарына сай қажетті анықтамалар береді, есептіліктерді жүргізеді. Ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына қажетті мәліметтерді анықтауға, олардың жұмыстарына талдауға, сараптама жасауға (көктемгі егіс көлемі, күзгі өнім алу мәліметі), «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша, т.б. қорлардан несие алуға, құжаттарын заңдастыруға көмек береді. Шаруа қожалықтарға байланысты шаруашылық кітабының жұмыстарын жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізеді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары бойынша жұмыс жүргізеді, уәкілетті органға қажетті ақпарат пен тиісті есептіліктерді дайындап, тапсырады. Әкімнің  басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара  іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе  ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ветеринария саласындағы

    Мамандығы – білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамту туралы»,  «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Кәсіпкерлік кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – салық агенті

    « E-G- 3» санаты, 1 бірлік  (08-06)

                Қызметтік міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беріп, жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енуіне және есеп беттерін жабу. Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік көмектер және халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының іске асуына жұмыстар жүргізеді. Әкімнің  басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Қызметтік міндеттерін орындауда аудандық уәкілеттік органдармен, округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Салық кодексі», «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман –  әскери есеп жүргізушісі «Е-G-3» санаты,  1 бірлік (09-04)

                Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органдарымен белгіленген тәртіп бойынша қызмет көрсету аумағында шақырылушылардың және әскери міндетті азаматтардың есебін жүргізу. Әскери міндеттілердің алфавиттік карточкалары және алғашқы есеп карточкаларын нақтылап жүргізу. Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй-үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі уәкілетті органдарының шақыруы бойынша баруын қамтамасыз ету, шақыру есебі журналын жүргізу. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есеп құжаттарындағы өзгерістер туралы мәліметтерді мерзімінде тіркеп, қорғаныс саласындағы уәкілетті органның есеп құжаттарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Қызметтік міндеттерін орындауда аудандық уәкілеттік органдармен, округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара  іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы

    Мамандығы – білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының               2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Үшінші бағдарлама E-R-4, E-G-3 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

     

     

    Өтініш

     

     

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
    (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

    Нысан

     

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)
    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)
    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)
    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
    1. Туған күні және жері/
    Дата и место рождения
    2. Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)
    3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения
    4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
    5. Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками
    6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)
    7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
    8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
    9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
    Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
    қабылданған/
    приема
    босатылған/
    увольнения
     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района