100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 02.11.2018ж

    Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

     

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

                Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

             Е-R-4 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Е-G-3 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

    Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    1 Е-R-4 73288 99106
    2 Е-G-3 69957 94109

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-есепшісі «Е-R-4» санаты 1 бірлік (№03-04)

    Қызметтік міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін, айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Бөлімнің коммуналдық-материалдық активтеріне түгендеу жүргізу, мүліктік түгендеу жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Кредиторлық-дебиторлық есеп №6 айналым, есеп беру шоты бойынша бухгалтерлік құжаттар №2 айналым есебі және бас кітаптардың жұмыстарын жүргізу. Айлық жалақы (111-149), №5 айналым есебі, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржылар реестрін, тапсырыс ресстрін, өнім берушінің келісім-шарттарының ресстрін, анықтамалар реесстрін жүргізіп отыру. Төлем тапсырмалар: зейнетақы қоры 10%, әлеуметтік салық, табыс салығы және т.б. жүргізу. Мемлекеттік сатып алу, баға ұсыныстар, байланыс қызметінің терімі, электр есептегіштердің есебі, жол жүру парағы №7 айналым есебі, жанар-жағар май, салық, қаржы, қоршаған орта, статистикаға тапсыратын есебін жүргізу. Іссапарлар құжаттары №8 айналым, инвентаризация, смета шығыстарының орындалуы, қызмет стажын анықтау хаттамасы, штат кестесі, қаржыландыру жоспары, бұйрық дайындау, хаттарға жауап беру. Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстық құрылыс басқармасына конкурс өткізуге құжаттар дайындап өтінім тапсыру. Конкурс жеңімпаздарымен келісім-шарт және т.б. құжаттарын рәсімдеу. Баға ұсыныстар тәсілімен өткізген конкурстардың жеңімпаздарын анықтап, құжаттарын рәсімдеу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі-әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы-есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

    «Қазақстан–2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – іс жүргізушісі

    « E-G- 3» санаты, 1 бірлік  (09-01)

                Қызметтік міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды жүргізу. Әкім болмаған кезде оның міндетін атқару. Сайлаушылардың тізімдерін анықтап, тоқсандық есептер дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратымен ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәлімет алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақытылы жолдануын қамтамасыз ету. Ауыл әкімі қабылдайтын өкім, шешімдердің жобаларын әзірлеу. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Көп балалы аналардың құжаттарын наградаға дайындап өткізу. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы

    Мамандығы білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік наградалары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман әскери-есеп жүргізушісі

    « E-G- 3» санаты, 1 бірлік  (14-03)

                Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіп бойынша қызмет көрсету аумағында шақырылушылардың және әскери міндетті азаматтардың есебін жүргізу. Әскери міндеттілердің алфавиттік карточкалары және алғашқы есеп карточкаларын нақтылап жүргізу. Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қорғаныс істер жөніндегі уәкілетті органдарының шақыруы бойынша баруын қамтамасыз ету, шақыру есебі журналын жүргізу. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есеп құжаттарындағы өзгерістер туралы мәліметтерді мерзімінде тіркеп, қорғаныс саласындағы уәкілетті органның есеп құжаттарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.

    Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімібілім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы

    Мамандығыбілім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын,  «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080200, Аса ауылы, Абай көшесі, №123 үй,  206 –іс бөлме, анықтама телефондары: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, e-mail: zhambуl_asa_akim@mail.ru.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

     «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

     

     

    Өтініш

     

     

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
    (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

    Нысан

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)
    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)
    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)
    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
    1. Туған күні және жері/
    Дата и место рождения
    2. Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)
    3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения
    4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
    5. Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками
    6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)
    7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
    8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
    9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
    Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
    қабылданған/
    приема
    босатылған/
    увольнения
     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района