100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 17.05.2019жыл

    Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

     

                Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

    7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

    Е-4 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

    Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    1 Е-R-1 142412 192382
    2 Е-4 77452 104935

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы «Е-R-1» санаты 1 бірлік (№01-01)

    Функционалдық міндеттері: Жұмысты жоспарлау, жұмысын ұйымдастыру және басқару. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, жастар саясаты жөніндегі аумақтық бағдарламаның орындалуын, аудан аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының және ақпарат құрылымдарымен бірлесе ұйымдастырушылық – әдістемелік жұмысты жүргізу. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын жүргізеді. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша облыс әкімінің аппаратымен, облыс әкімдігінің департаментімен, құқық қорғау органдарымен, қоғамдық, діни бірлестіктермен, облыс және ауданның атқарушы органдарымен, басқа да ведомстволарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыс жасау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Аудан көлемінде «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру. Мемлекеттік саясатты, ҚР Президентінің Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру, насихаттау жұмыстарының орындалуын үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы.

    Мамандығы: тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе қоғамдық байланыс немесе журналистика немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе мәдениеттану немесе шығыстану немесе теология немесе тарих немесе дінтану.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының

    персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы

    «Е-4» санаты 1 бірлік (№01-04-02)

     

    Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексіндегі талаптардың сақталуын қадағалау. Аудан әкімінің жанындағы тәртіптік комиссиялардың жұмысын жүргізу. Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкерлердің есебін жүргізу. Тәртіптік комиссия отырысына хатшы болу және іс-қағаздарын жүргізу, тәртіптік комиссияның жүргізген жұмыс қорытындылары туралы мәліметтерді жинауға, тоқсан сайын Жамбыл облысының әдеп жөніндегі кеңесіне жіберілуіне жауапты. Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің өкімдерін дайындау. «Алтын-Алқа», «Күміс-Алқа» наградаларына құжаттарын дайындау және есебін жүргізу. Көп балалы аналардың құжаттарын облыс әкімі аппаратына өткізуді қамтамасыз етеді. Арнайы тексеруден өткізу жұмысына жауапты және арнайы тексеруден өткен мемлекеттік қызметшілерді заңнамаға сәйкес ант беру рәсіміне дайындау, өткізуді ұйымдастыру. Аппарат қызметкерлері, атқарушы органдар басшылары мен қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларын жүргізу. Әскери міндетті аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін броньдау жұмысын ұйымдастырады. Аудан, ауылдық  округ әкімдері аппараттарының, аудан әкімдігі бөлімдерінің біліктілік талаптарының жинағын заңнамаға сәйкес дайындалуына жауапты.  «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу. Аудан әкімінің және аппарат басшысының, персоналды басқару бөлімшесі басшысының тапсырмаларын орындау. Қызметкерлердің кезекшілік кестесін жасайды. Ауданның барлық атқарушы органдарында аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, жоғарғы орган актілерінің орындалуына  жалпы бақылау жүргізу. Аудан әкімдігі бөлімдерімен және ауылдық округ  әкімдері мен бірлесіп  үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы

    Мамандығы: құқық саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының               2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

     

     

    Өтініш

         Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

    ________                                               ____________________________________
    (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

    Нысан

     

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)
    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)
    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)
    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
    1. Туған күні және жері/
    Дата и место рождения
    2. Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)
    3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения
    4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
    5. Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками
    6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)
    7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
    8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
    9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
    Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
    қабылданған/
    приема
    босатылған/
    увольнения
     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района