100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 16.04.18ж

    Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

                Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-4 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Е-R-4 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Е-G-3 санаты үшін:  білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    1 Е-4 77452 104935
    2 Е-R-4 73288 99106
    3 Е-G-3 69957 94109

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

     

    1. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы «E-4» санаты, 1 бірлік (№01-06-03)

    Қызметтік міндеттері: Азаматтық хал актілерін тіркеу функциясының 7 түрі бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді, қайтыс болуды тіркеу). Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қайталама куәлік, анықтамалар беру. «АХАЖ ТП», «ХҚКО ИАЖ» жүйесін жүргізу, e.gov.kz электронды Үкімет порталы бойынша қызмет көрсету. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсетуді жүргізу. Мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру тағы басқа тиісті жұмыстарды атқару. Бақылау қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру. Өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша). Азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсетуді жүргізу.

    Нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару.  Әділет органдарына есеп беру. Мемлекеттік ұйымдар мен органдарынан тиісті ақпарат сұрату және алу. Мұрағаттық материалдардың (құжаттар) алу талонын толтырып беру, қайтару. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру. Аудан әкімінің және аппарат басшысының, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі басшысының тапсырмаларын орындау.

    Сотпен, құқық қорғау органдарымен, әділет органдарымен және  мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – құқықтану немесе халықаралық құқық немесе педагогика және психология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексін», Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

    «Е-R-4» санаты, 1 бірлік (08-04)

     

    Қызметтік міндеттері: Бөлімінің есебін жүргізу. ҚР СТ ИСО 9001-2001 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптары» бойынша жұмыс жүргізу. Өз саласы бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізу, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлеу, тиісті мәліметтерді тапсыру.

    1С бағдарламасымен жұмыс жүргізу және оны уақытылы жаңартып отыру.

    Бөлім қаржыларын және бөлінген трансферттердің игерілуін қадағалау. Жеке жоспар енгізіп тауарлар қызметтерін мекемеге сатып алуға қамтамасыз ету.

    Өз қызметтік міндетін орындауда аудан аумағындағы меншік түріне қарамай, мекеме, ұйымдармен жұмысты үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер және ардагерлерге көмек көрсету секторының бас маманы «Е-R-4» санаты, 1 бірлік (07-03-08)

    Қызметтік міндеттері: Мүгедектерді, кемтар балаларды, соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, ядролық қаруды сынау барысында зардап шеккен азаматтарды, қайтыс болған және қаза тапқан әскери адамдардың ата-аналарын және басқа да әлеуметтік қорғауды  қажет ететін азаматтар категориясын әлеуметтік қорғауға арналған заң актілерінің жұмысын ұйымдастыру. Жеке оңалту бағдарламалары арқылы мүгедектерді әлеуметтік көмектермен қамтамасыз ету.

    Бөлімнің жұмыстарын ұйымдастыру, қызметкерлерге мүгедектер мен ардагерлер туралы түскен әдістемелік нұсқауларды бөлім қызметкерлеріне жеткізу. Аудандағы барлық санаттағы теңестірілген азаматтар туралы статистикалық және ведомствалық есептерін беру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының  нормативтік- құқықтық актілерін білу.

    1. Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалысы уақытына)

    «Е-G-3» санаты, 1 бірлік (2-03)

                Қызметтік міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беру. Жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енгізу. Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Есеп беттерін жабу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу.  Аппараттың қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Әкімнің  басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара  іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Салық кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының               2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Үшінші бағдарлама E-R-4, E-G-3 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

     

     

    Өтініш

     

     

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
    (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

     

    Нысан

     

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

      _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)
    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)
     
      _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)
     
    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
    1. Туған күні және жері/
    Дата и место рождения
    2. Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)
    3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения
    4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
    5. Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками
    6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)
    7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
    8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
    9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
    Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
    қабылданған/
    приема
    босатылған/
    увольнения
         
         
         
         
         
         
         
     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района