100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру (06.08.2019 ж)

    Осы хабарламаның мәтіні мен мазмұны бойынша персоналды басқару қызметі жауапты

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

         Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

     

    Е-4 санаты үшін: білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

     

    E-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

     

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    1 Е-4 100696 136444
    2 E-G-3 90963 122463

     

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 үй, №206 бөлме, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02, электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

     

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

    жұмыс бөлімшесінің бас маман-заңгері «Е-4» санаты 1 бірлік (№01-05-02)

     Қызметтік міндеттері: Аудан әкімі мен әкімдік және ауылдық округ әкімдерінің актілерінің заңдылықтарға сай қабылдануын қамтамасыз етіп, құқықтық сараптаудан өткізу және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу, уақтылы баспасөзде жариялау, мониторингін жүргізу, есебін тапсыру. Аудан әкімі аппаратының мүддесін сот орындарында қорғау. Аудандық жергілікті атқарушы органдармен азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстарының жүргізілуіне жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияларының жұмысын жүргізу. Комиссиялардың жұмыстарына қатысты отырыстарын өткізеді, хаттамаларын дайындайды. Аудан әкімінің шешімдері, өкімдері және аудандық әкімдік қаулылары жобаларын дайындауға қатысады. Аудан аумағындағы адам саудасына қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіреді, тапсырмалардың орындалуына жауапты. Алқабилікке кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Нотариаттық іс-әрекеттер бойынша жұмыстарды жүргізу. Аудан әкімінің және аппарат басшысының, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі басшысының тапсырмаларын орындау.

    Сот және құқық қорғау органдарымен, әділет органдарымен және  мемлекеттік органдармен, ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Құқық саласындағы

    Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексін», «Еңбек кодексін», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының

    қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы

    «Е-4» санаты 1 бірлік (№01-07-02)

    Қызметтік міндеттері: Аудан әкімі аппараты мен ауылдық округтерде құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу. Айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостьтарын, басқада бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенімхаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, іссапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Техникалық қызмет көрсету персоналының еңбек шарттарын жасап, басқа да құжаттарын жүргізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім-шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім-шарттардың орындалуын, төленетін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.  Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша салық комитеті, қазынашылық басқармасы, статистика басқармасы, әкімдіктің бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау. Аудан әкімінің және аппарат басшысының, қаржы-шаруашылық бөлімшесі басшысының тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Аппарат қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу, жабдықтар мен материалдар, статистикалық, бухгалтерлік, салықтық есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасап, қаржы жоспарлары жұмыстарын үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі «E-G-3» санаты 1 бірлік (№08-02)

     Қызметтік міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды жүргізу. Сайлаушылардың тізімдерін анықтап, тоқсандық есептер дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратымен ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәлімет алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақытылы жолдануын қамтамасыз ету. Ауыл әкімі қабылдайтын өкім, шешімдердің жобаларын әзірлеу. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Көп балалы аналардың құжаттарын наградаға дайындап өткізу. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы

    Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы (жалпы)

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік наградалары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы «E-G-3» санаты 1 бірлік  (№08-07)

     Қызметтік міндеттері: Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарына сай қажетті анықтамалар береді, есептіліктерді жүргізеді. Ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына қажетті мәліметтерді анықтауға, олардың жұмыстарына талдауға, сараптама жасауға (көктемгі егіс көлемі, күзгі өнім алу мәліметі), «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша, т.б қорлардан несие алуға, құжаттарын заңдастыруға көмек береді. Шаруа қожалықтарға байланысты шаруашылық кітабының жұмыстарын жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізеді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары бойынша жұмыс жүргізеді, уәкілетті органға қажетті ақпарат пен тиісті есептіліктерді дайындап, тапсырады. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

    Қызметтік міндеттерін орындауда тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен өзара                     іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы немесе  гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы  немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ветеринария саласындағы

    Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе  құқық саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім  саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Кәсіпкерлік кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Қызылкайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісі «E-G-3» санаты  1 бірлік (№13-04)

     Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіп бойынша қызмет көрсету аумағында шақырылушылардың және әскери міндетті азаматтардың есебін жүргізу. Әскери міндеттілердің алфавиттік карточкалары және алғашқы есеп карточкаларын нақтылап жүргізу. Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қорғаныс істер жөніндегі уәкілетті органдарының шақыруы бойынша баруын қамтамасыз ету, шақыру есебі журналын жүргізу. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есеп құжаттарындағы өзгерістер туралы мәліметтерді мерзімінде тіркеп, қорғаныс саласындағы уәкілетті органның есеп құжаттарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.

    Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы

    Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы (жалпы)

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын,  «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті «E-G-3» санаты 1 бірлік (№14-04)

     Қызметтік міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беру. Жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енгізу.  Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Есеп беттерін жабу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу. Әкім аппаратынан берілетін анықтамаларды рәсімдеу. Аппараттың қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.

    Аудандық уәкілеттік органдармен, ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының «Салық кодексі», «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маман-салық агенті «E-G-3» санаты 1 бірлік  (№16-04)

    Қызметтік міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беру. Жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енгізу.  Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Есеп беттерін жабу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу. Әкім аппаратынан берілетін анықтамаларды рәсімдеу. Аппараттың қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.

    Аудандық уәкілеттік органдармен, ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

    Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Салық кодексі», «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының               2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

    8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

    Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №123 мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

     

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы
    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

     

     

    Өтініш

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

     

    ________                                               ____________________________________
    (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

    Нысан

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)
    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)
    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)
    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
    1. Туған күні және жері/
    Дата и место рождения
    2. Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)
    3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения
    4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
    5. Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками
    6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)
    7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
    8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
    9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
    Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
    қабылданған/
    приема
    босатылған/
    увольнения
     

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

     

    _______________
    күні/дата

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района