100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды (31.07.18)

    Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

     

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

                Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:  

    Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,  C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық  лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

    Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі   немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

          Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

    Санаты

     

     

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    E-R-1 142412 192382
    E-R-3 96607 129919

               

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімінің

    басшысы  «Е-R-1» санаты 1 бірлік  (№08-01)

    Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Аудан аумағында жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп бекітуге ұсыну, оның орындалуын қамтамасыз ету, жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаға сараптама жүргізу. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

    Аудан аумағындағы жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Жер туралы қолданылып жүрген заңдылықтар талаптарының орындалуын бақылау.

    Барлық меншік түріндегі жер пайдаланушылармен, ауыл шаруашылығы бөлімімен және ауылдық округтер әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – қызмет көрсету саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

    Мамандығы – жерге орналастыру немесе кадастр немесе агрономия немесе  геодезия және картография немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жер кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, 

     қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

     «Е-R-1» санаты 1 бірлік (№02-01)

    Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Аудан аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу, қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заң нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және бекітілген сәулет, қала құрылысы жобалау құжаттамасының сақталуын бақылау, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын, қала құрылысы тәртібін  сақтай отырып іске асыру.  Құрылыс, жөндеу жұмыстары ұсыныстар енгізу, құрылысы аяқталған нысандарды қабылдауды ұйымдастыру, қатысу. Мемлекеттік сатып алуды, бөлімнің қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау. Ауданның абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізу. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Аудан аумағындағы мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңдары нормаларының сақталуын бақылайды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша меншік нысанына қарамастан барлық субъектілермен  өзара іс-қимылдар жасап, үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – Өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

    Мамандығы – сәулет немесе құрылыс немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», функционалдық мінеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

    жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

     «Е-R-1» санаты 1 бірлік (№03-01)

    Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын, аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының есебін жүргізу және оны бөлуді, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгеріштендіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Авариялық және ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Бөлімнің Ережесіне және ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды, бөлімнің қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау. Қоғамдық жолаушылар тасымалын, аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйді салуды және оны бөлуді, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын бақылайды. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша өрт, санитарлық қадағалау қызметтерімен, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы  және құрылыс бөлімімен  өзара іс-қимыл жасап, тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары.

    Мамандығы – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің аудан бюджетінің атқарылуын және коммуналды меншікті үйлестіру секторының  меңгерушісі «E-R-3» санаты 1 бірлік (№09-03-01)

    Функционалдық міндеттері: Заң актілеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқарады, оларды қорғау жөнінде шаралар қолдану. Мемлекеттік мүліктерді тиімді және орынды пайдалану туралы жұмыс жүргізу. Негізгі мүліктерді мекемелердің балансынан басқа балансқа өткізу, мекеменің балансындағы негізгі мүліктерді есептен шығару жұмыстарын жүргізу. Объектілерді сатуға дайындау және келісім-шарттар жасау (жеке және заңды тұлғалар). Мемлекеттік мүліктердің тиімді және орынды пайдалануын қамтамасыз ету. Коммуналды меншікке қатысты есептіліктерді жүргізу.  Сектордың   жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру бойынша мемлекеттік органдар, аудандық мекеме-ұйымдармен бөлім атынан байланыс жасау. Бөлім бастығы жоқ кезде, белгіленген заңнамаларға сәйкес, оның міндетін  атқару.

    Сектордың ережелерін бекітуге ұсыну, атқарылатын іс-атауларын жасау және жұмыстарын үйлестіру. Бөлім жанынан құрылған комиссиялардың жұмысына қатысу. Жергілікті бюджеттің атқарылуын, орындалуын және бюджеттік заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Сектор қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін және секторға жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі –Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

    Мамандығы – экономика немесе қаржы  немесе есеп және аудит.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін» функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы құқықтық актілерін білу.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

     

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________

    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    ______________                                      ____________________________________________

    (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района